Ауғанстан көкпарының өкілдері келді

20161031_174015


Жуырда өткен «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт  түрлері халықаралық қауымдастығының» халықаралық семинар-кеңесіне арнайы шақырылған бірқатар елдердің ұлттық спорт мамандары түрлі себептермен келе алмады. Солардың бірі – Ауғанстан Республикасының өкілдері болатын. Бүгін ауғанстандық көкпар мамандары Астанаға келді.

      Ауғанстандық меймандарды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов қарсы алып, қауымдастық кеңсесінде кездесу өткізді. Ауғанстанның Ұлттық спорт федерациясының басшысы Муради Абдулхамид пен    федерацияның бас жаттықтырушысы Тандоган  Сайфуддинд өз елдеріндегі көкпар спортының дамуы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, Ауғанстан респубикасының көкпар командасы  келер жылғы тамыз айында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында көкпардан өтетін Әлем чемпионатына қатысуға үлкен құлшыныс білдіруде.

 

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*