Бүркітшілердің халықаралық турнирі өтеді

%d0%b1%d1%83%d1%80%d0%ba%d0%b8%d1%82%d1%82

 

Қарашаның 5-6 жұлдызында Астана қаласының іргесінде танымал құсбегі Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің Халықаралық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі  өткізіледі.

 

Көзі тірісінде баптап салған қыраны тағы аңнан тайсалмаған құсбегі Күнтуған ақсақалды еске түсіруге арналған турнир биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Күнтуған Тоқтыбайұлы  атындағы турнир алғашқы  жылы республика көлемінде өтсе, биылғы жылы Халықаралық турнир деңгейіне қадам басты.

     ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған бұл жарысқа  биыл көршілес Моңғолия және Қырғызстан елдерінің бүркітшілері мен еліміздің барлық облыстарының құсбегілері  қатысады деп күтілуде. Жарыс өткізілетін жер – Астанадан Қоянды ауылы бағытына шығатын «Софиевка тас жолының» бойы.

     Турнирдің алғашқы күні  бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру және шырғаға салу сияқты сайыстар болады. Ал, соңғы күні бүркітті қоянға, түлкіге салу сынды саятшылықтың ең қызықты сәттеріне кезек берілмек.

      Еске салып өтсек, Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің алғашқы жылғы турнирінде  еліміздің тоғыз облысының құсбегілері бақ сынаған.  Бүркіттері бабында болып, бақтары жанған Тараз құсбегілері бас жүлдені жеңіп алған. Екінші орын Астана бүркітшілеріне, үшінші орын  Павлодар облысының құсбегілеріне бұйырған болатын.

 

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*