Бас жүлде қарағандылық бүркітшіге бұйырды

dsc_0091dsc_0087

dsc_0111

Бүгін танымал құсбегі Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің Халықаралық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі  аяқталды. Екі тәулік бойы Астана қаласының іргесін дүбірге бөлеген дәстүрлі жарыстың бас жүлдесі Қарағанды облысының бүркітшісі Ақанов Дулатқа бұйырды. 

 

     dsc_0133

dsc_0128

Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов және Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібаев сөз сөйлеп, дәстүрлі жарысқа қатысушы бүркітшілерге сәттілік тіледі.

   ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен құсбегі Күнтуған ақсақалды еске түсіру мақсатында  биыл екінші мәрте ұйымдастырылған жарыста бас-аяғы отыздан астам бүркітші бақ сынады.  Кешегі күні өткен бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру және шырғаға салу сияқты сайыстардан бүгінгі бәсекеге 22 бүркіт іріктелген. Қырандардың қарымы осал болмады. Моңғолия және Қырғызстан елдерінің құсбегілері бүгінгі қоянға бүркіт салу бәсекесінде қапы соқты. Ақтық сынға қазақстандық бес  бүркітші суырылып шықты.

Бабы келісіп, жұтынып шыққан бес бүркіттің өнері түлкіге түсу кезінде де деңгейлес болды. Төрешілер шешімімен жеңімпазды анықтау мақсатында бүркітті қолға шақыру сыны қосымша өткізілді. Сөйтіп, ұпай санымен Қарағанды облысынан келген бүркітші Дулат Ақанов халықаралық турнирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады. Екінші орын Шығыс Қазақстан облысының бүркітшісі  Тәттімбет Кәпұлына бұйырды. Ал, үшінші орынды баянауылдық бүркітші Бекболат Ысқақов иеленді.

Бүркітшілердің Халықаралық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігінің жүлдегерлері:

1 орын — Дулат Ақанов (Қарағанды облысы)

2 орын — Тәттімбет Кәпұлы (Шығыс Қазақстан облысы)

3 орын — Бекболат Ысқақов (Павлодар облысы)

4 орын — Аян Сейітжан (Алматы облысы)

5 орын — Арман Кушкаров (Атырау облысы)

Баспасөз қызметі

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*