КӨКПАРДАН І-АШЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗУ

  КӨКПАРДАН І-АШЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗУ

          ЕРЕЖЕСІ

                         І. Чемпионаттың  мақсаты.

 1.1. Көкпардан ашық Азия чемпионатын (әрі қарай — Чемпионат) өткізу мақсаты:

— Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050» атты стратегиялық бағдарламасында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру;

— 2017 жылы Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмеде көкпардан жарыстар өткізуге дайындықты бастау;

— Көкпаршылардың төзімділігін, ептілігі мен батылдығын шыңдау;

— Көкпар ойынын халықаралық дәрежеде жетілдіру, тәжірибе жинау;

— Көкпардың көрермендерін көбейтіп, шетелдік туристерді тарту;

— Көкпардың халықаралық беделі мен рейтингін өсіру, мәдениетін көтеру;

— Көкпарды әлем халықтары сүйіп ойнайтын спорт түріне айналдыру.

 

  ІI. Чемпионатты өткізетін ұйым, өтетін орын, өткізу уақыты.

 2.1. Чемпионатты Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы,  Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі және Халықаралық  «Көкбөрі» федерациясы өткізеді.

2.2. Чемпионаттың өтетін орын: Қазақстан, Астана қаласы, «Қазанат» атшабары.

2.3. Чемпионат 2013 жылдың қыркүйек айының 10-15 жұлдызы  күндері өтеді.

 

ІІІ. Чемпионатқа  қатысушылар.

 3.1. Жарысқа көкпар ойыны дамыған әр мемлекеттен бір командадан келеді.

3.2. Жарыс  Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 2011 жылы бекіткен ережеге сәйкес өткізіледі.

3.3.Чемпионатқа қатысушылар 15 тамызға дейін өтінім жібереді.

 

ІV. Чемпионатты өткізу бағдарламасы:

 10 қыркүйек күні

15-00 –ге дейін шетел командаларының, шетелдік төрешілердің келуі;

17-00-ге дейін Мандат комиссиясының чемпионатқа қатысуға келген командалар мен олардың аттарын тіркеуге алу, төрешілер мен командаларды аккредитациядан өткізу (тапсырыстарын тексеру, ұлтын тексеру, туын, әнұранын, төлқұжатын тіркеуден өткізу)

18-00. Төрешілер алқасының отырысы

19-00. Жарысқа қатысушыларға қонақасы

11 қыркүйек күні 

10-00. Жарыстың басталуы

11-00. Чемпионаттың салтанатты ашылуы

12-20. Бас төрешінің жарыс кестесі туралы хабарламасы

12-30. Баспасөз конференциясы

17-00-ге дейін жарыстың  жалғасы

12-13-14 қыркүйек күндері

11-00-ден 17-00 –ге дейін командалардың кездесулері

(14 қыркүйек күні сағат 19-00-де қонақтарға қонақасы)

15 қыркүйек күні

11-00. Ақтық жарыстар

13-00. Жеңімпаздарды марапаттау. Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі.

V. Чемпионаттың өтуіне басшылық жасау:

 5.1. Чемпионаттың өтуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Спорт және денешынықтыру істерті агенттігі және Халықаралық  «Көкбөрі» федерациясы бекіткен Төрешілер алқасы басшылық жасайды.

5.2. Жарысқа басшылық жасайтын Төрешілер алқасының құрамы:

Бас төреші – 1 адам

Бас төрешінің орынбасарлары – 2 адам

Бас хатшы – 1 адам

Ақпаратшы төрешілер – 3 адам

Алаңдағы төрешілер – 4 адам

Уақыт бақылаушы төреші – 1 адам

Кезекші төрешілер – 5 адам (Жарысқа әр елден бір төрешіден шақырылады)

5.3. Жарысқа дәрігер, малдәрігері, Ішкі Істер Департаментінен, Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мекемесінен мамандар шақырылады.

 

VІ. Чемпионатқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 6.1. Жарысқа жасы 18 –ден асқан қажетті дайындықтан өткен, жеке басын куәландыратын құжаты бар спортшы қатысады.

6.2. Команда құрамы 20 адамнан (12 ойыншы, 1 жетекші, 1 жаттықтырушы, 2 жүргізуші, 2 атшы, 1 мал дәрігері, 1 дәрігер) тұрады.

6.3. Шет елден келетін командалардың аттарының саны 12-ден аспауы керек.                        6.4. Әрбір команда өз мемлекетінің екі туы мен әнұранын алып келеді.

6.5.Жарысқа қатысушы командалардың спорттық киімінің түсі сол елдің жалауының түсіне ұқсас етіп тігіледі.

6.6. Жарысқа қатысушы спортшылар:

— жарыс ережелері мен регламентін білуге және орындауға;

— жеке басын растайтын құжаттары, біліктілік кітапшасы, дәрігердің денсаулығы туралы анықтамасы, сақтандыру полисі болуы және оларды жарысты өткізуші тұлғалардың бірінші талабы бойынша ұсынуға;

— барлық қатысушыларға, төрешілерге, жарыс өткізуші мен қызмет жасаушы тұлғаларға, көрермендерге қатысты сыпайы биязы болуға;

— жарысқа белгіленген уақытта қажетті құрал-жабдықтармен кешікпей (команда ойынға толық құрамда келмесе 10 минут уақыт беріледі. 10 минутта команда түгенделмесе жеңіліс табады) келуге;

— сырт пішіні ұқыпты және жарыс ережесіне сәйкес киімі, киімінің кеудесі мен арқасында әр ойыншының өз нөмірі болуға;

— төрешілердің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға, белгіленген жарыс тәртібін сақтауға, қатысушыларға белгілеген орында болуға міндетті.

6.6. Қатысушыларға:

— төрешілердің жұмысына араласуға;

— төрешілерге наразылық білдіруге;

— аттарға байланысты қандай да бір дөрекілікке баруға;

— биостимулятор қолдануға тиым салынады.

6.7. Команда жетекшісі:

— командадағы тәртіптің жай-күйіне, киім үлгісінің, күн тәртібінің сақталуына;

— команда қатысушыларын мандат комиссиясына тапсыруға;

— қатысушылардың жарыс өтетін жерге уақытында келуін, олардың жарыс ережесі мен регламентін қатаң сақтауын қамтамасыз етуге;

— төрешілер алқасының отырысына қатысуға, жеребе тартуға қатысуға, өз команда мүшелерін төрешілер алқасының шешімімен таныстыруға;

— команда қатысушылары көрсеткен нәтижелерді білуге;

— бас төрешілер алқасына сақтандыру полистерін тіркеткендігі мен қатысушылармен қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық өткізгендігі туралы жазбаша рапорт тапсыруға;

— аттардың орналасуы, азықтандырылуы, сақталуына жауапты болуға;

— спортшыларды орналастыруға, тамақатандыруға жауапты болуға міндетті.

6.8. Команда жетекшілері төрешілерге олардың құзырына кіретін мәселелер жөнінде өтініш жасауға және төрешілер алқасына наразылық білдіруге құқылы.

6.9. Команда жетекшісіне төрешілердің шешімін бұзуға, немесе олардың іс-қимылына араласуға, жарыс барысында қатысушыларға жәрдем беруге, жарыс төрешілерінің рұқсатынсыз жарыс өтіп жатқан жерден кетуге тиым салынады.

 

VІІ. Аттарға қойылатын талап:

 

7.1. Чемпионатқа аттардың барлық тұқымдары жіберіледі.

7.2. Жарысқа қатысушы әрбір атқа: тұқымы, жынысы, туған жылы, түрі, аттың аты, жарысқа қатысуға рұқсаты жазылған ветринариялық анықтама және аттың фотосуреті табыс етіледі. Бұл құжаттарсыз ат жарысқа жіберілмейді.

7.3. Аттарға биостимулятор қолдануға тиым салынады.

7.4. Аттарға алдыңғы 2 аяғына қырсыз жалпақ таға тағуға рұқсат беріледі.

7.5. Тіркеуден өткен аттарды басқа команданың аттарымен ауыстыруға тиым салынады.

 

VІІІ. Төрешілер алқасы:

 

8.1. Жарысты өткізу Төрешілер алқасына міндеттеледі.

8.2. Төрешілер алқасына жарысты ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі 2011 жылы бекіткен «Көкпар жарыс ережелері» мен  осы «Көкпардан ашық Азия чемпионатын өткізу  ережесіне» сәйкес дайындау мен өткізу, жарыс нәтижелерін айқындау, жалпы қортынды шығару жүктеледі.

8.3. Төрешілер алқасына: бас төрешілер алқасы мен төрешілер алқалары кіреді.

8.4. Бас төреші алқасының құрамына: бас төреші, оның 2 орынбасары, бас хатшы, жарыс дәрігері кіреді.

8.5. Төрешілер алқасының құрамына: ақпартшы төреші, хатшы, дәрігерлер, алаңдағы 3 төреші, төреші-секундомер кіреді. Алаңдағы ойын үшін жауапты бас төреші тағайындалады. Бас төреші жарыс жетекшісі болып табылады және жарыстың Ережелерге сәйкес өтуіне жауап береді.

 

ІХ. Қаржы шығындары:

 

9. 1. Чемпионатты өткізуге байланысты қаржы шығындарын Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көтереді.

 

 Х. Наразылық:

 

10.1. Наразылықтарды төрешілер алқасына команда жетекшісі тек жазба түрінде жарыс аяқталғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

10.2. Наразылықта қатысушылар немесе төрешілер бұзған осы ереже мен жарыстар туралы ереженің тараулары мен тармақтары көрсетілуге тиіс.

10.3. Бас төрешілер алқасы наразылықты қабылдап алуға, оны қарауға, ол бойынша шешім қабылдауға және наразылық берушіге жарыс қорытындылары бекігенге дейін жауап беруге міндетті.

10.4. Бас төрешінің наразылық бойынша шешімі кесімді болып табылады және қайта қаралуға жатпайды.

 

ХІ. Марапаттау:

 

11.1. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Дипломымен және қаржылай сыйлығымен марапатталады. І-ші орын алған командаға арнайы Кубокпен және 75 мың доллар, ІІ-ші орын алған командаға 40 мың доллар, ІІI-ші орын алған командаға 35 мың доллар көлемінде силық беріледі.

 

Чемпионатқа байланысты барлық сұрақтарды Ұйымдастыру комитетінің жұмыс тобынан құрылған Штаб мүшелеріне қояға болады:

Штаб бастығы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының вице-президенті Дәурен Серікұлы Абдыхамитов 8 (7172) 422600

Штаб бастығының орынбасары: Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Атқарушы директоры Ерлен Әбілханұлы Оспанов 8 (7172) 421510,

Штаб мүшелері:

1. Рүстем Күлшебаев ҚР ҰСТҚ үйлестірушісі 8 (7172) 421510, 87017213108

2. Альберт Мүбәрәкұлы Мурсалимов ҚР ҰСТҚ үйлестірушісі 8 (7172) 421510, 87017984270

3. Балғынбек Қалиұлы Имашев ҚР ҰСТҚ маманы 8 (7172) 421510, 87022221378

4. Шынар Ахметханқызы Шәкенова ҚР ҰСТҚ баспасөз хатшысы 8 (7172) 421510, 87012274785

5. Зейнеп Тимурқызы Байжанова ҚР ҰСТҚ маманы 8 (7172) 421510, 87011878994

Штабтың мекен-жайы Астана қаласы, Республика көшесі 34 «А» 407 кеңсе

 

ХІІ. Осы ереже жарысқа арнайы шақыру болып есептеледі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.