Турнирге сақадай сай тұр

img-20161112-wa0002

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир ертең басталады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша Шым қаланың төсін жыл сайын дүбірге бөлейтін айтулы додаға даярлық сақадай сай тұр.

      Ең бастысы, биыл шет ел командалары уәделерінде тұрыпты. Алдымен өзбекстандық команда тас-түйін қалпы жетіпті. Өзбекстанның «Улак-Купкари» федерациясының төрағасы Ильхам Хазракулов бастаған көкпаршылары бұл жолы жарысқа өз көкпар аттарымен қатыспақшы. Ал, Қытайдың ШҰАР Іле-Қазақ облысындағы Қорғас қаласы «Ұлттық дәстүрлі денетәрбиесі қоғамының» басшысы Ермек Тоқтарбекұлы да он бір қандасымызды бастап келіп, осы күні жергілікті аттармен жаттығуды бастап кеткен.

      Бұл екі командадан басқа аталмыш халықаралық сайыста еліміздің алты командасы бақ сынамақшы. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстары мен  Оңтүстік Қазақстан облысының екі командасы.

      Көкпардан ХІІІ мәрте, аударыспақтан V мәрте, жамбы атудан алғашқы рет  жалау көтеретін бұл халықаралық  турнир қарашаның 20 жұлдызында аяқталады.

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*