«Алтын тұғыр» таяп қалды

 

      ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының биыл төртінші мәрте ұйымдастырып отырған «Алтын Тұғыр» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтетінін бұған дейін де хабарлағанбыз.

Сол дәстүрлі марапаттаудың басталуына санаулы ғана күндер қалды.  Жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын  Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың мерейін тасытар думанды сәтте өнерімен шашу шашатын белгілі әнші-ақындардан кімдердің келетіні кешелі-бүгін белгілі болды. Сол күні «Алтын Тұғырдың» сахнасынан эстрада саңлақтары Досымжан Таңатар, Құрмаш Махан, Ибрагим Ескендір, Ардақ Балажанова, Гүлнұр Оразымбетова және «Аламан» тобы ән шырқап, әйгілі айтыс ақындары Нұрмат Мансұров пен Айнұр Тұрсынбаева айтыстың көрігін қыздырады. 22 желтоқсан күні 17-00-де «Астана» концерт залында (бұрынғы «Конгресс-холл» ғимараты) осындай бір кештің қызығы тамашаланбақшы. Келем деушілерге есік ашық.

 

Баспасөз қызметі  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.