САҢЛАҚТАР «АЛТЫН ТҰҒЫР» АЛДЫ

Кеше «Астана» концерт залында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұлттық спорт  үздіктерінің мерейін өсірген дәстүрлі «Алтын тұғыр» марапаттау рәсімі тамашаланды. Бұл салтанатты жиыннан бұрын ұлттық спорттың өткен жылын қорытындылап, жаңа күнтізбелік жоспармен танысып, халықаралық көкпар ережесіне өзгеріс пен толықтырулар енгізуді кеңескен алқа мәжілісі болып өтті.  

Елордадағы «Астана» концерт залын лық толтырған көрермен кеше Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыз мерейінің тасыған сәтіне куә болды. Бұл думанды кеште «Алтын Тұғырдың» сахнасынан эстрада саңлақтары Досымжан Таңатар, Құрмаш Махан, Ибрагим Ескендір, Ардақ Балажанова, Гүлнұр Оразымбетова және «Аламан» тобы ән шырқап, әйгілі айтыс ақындары Нұрмат Мансұров пен Айнұр Тұрсынбаева айтыстың көрігін қыздырды (Толықтыру болады).

 

 

 

«Алтын тұғыр» иегерлері:

 

«Үздік көкпаршы» Әбдіжаппаров Әбуғали  (Жамбыл облысы)

«Үздік аударыспақшы» Жұмалиев Түймебек (Оңтүстік Қазақстан облысы).

 «Үздік атбегі»Омаров Ұлан  (Алматы облысы)

«Үздік теңге ілуші»Сапарбек Мағжан   (Оңтүстік Қазақстан облысы).

«Үздік жамбы атушы»Бадашев Елдос  (Оңтүстік Қазақстан облысы).

«Үздік тоғызқұмалақшы»Серік Ақтаев (Оңтүстік Қазақстан облысы).

«Үздік аударыспақшы» Сағымбаев Арман (Ақтөбе облысы)

«Үздік балуан» –  Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы)

«Үздік мектеп басшысы»  Ғани Ахметбаев  (Оңтүстік Қазақстан облысы)

«Үздік клуб басшысы»  Өнербай Жанбала (Атырау облысы)

«Үздік фильм» Рүстем Әбдірашев (Ұлттық спортты насихаттаған «»Алмас қылыш» атты фильмнің режиссері)

 

 «Елімжан» орденінің иегері  – бүркітші Жапар Сатылғанов  (Жамбыл облысы)

 

Алғыс хат иегерлері:

Ұлттық спортты үздік насихаттаған журналист:

Ержан Жаубай- «ARGYMAQ.KZ» сайтының жетекшісі

Ұлттық спорт жайында тұрақты үздік репортаж  жасап келе жатқан телеарна:

Дәулетов Руслан-«Қазспорт» телеарнасы

Цыбулин Павел Валерьевич

Ұлттық спортты насихаттауға еңбек сіңіріп жүрген өнер адамдары мен ұжымдары:

Ұлттық спорты дамытуға ерекше еңбек сіңірген  мекеме басшылары:

Доктор Сердар Чан мырза-Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агентінің президенті

Есентай Гүлсараұлы — Алматы қаласындағы «ТІКА» өкілі

Нұрдәулет Момынов –Жамбыл облыстық «Әулие ата» көкпар клубы директоры

Қанағат Сүйебаев – Маңғыстау облыстық көкпар клубы директоры

Деңгелбаев Берік — Алматы облыстық ұлттық спорт клубының директорының орынбасары

Боранбаев Исламхан –Қызылорда облысының ұлттық спорт ұйымдастырушысы

Төлеуов Бақтияр –Ақтөбе облыстық ұлттық спорт мектебі директоры

Күнтуған Базарбек — ҚР МСМ ДШНК бүркітшіліктен бас жаттықтырушы

Айтбаев Нұрхан – Оңтүстік Қазақстан облысының төрешісі

Төлегенов Бақытжан — Қызылорда облысының төрешісі

Руслан Қырымбаев — Атырау облыстық ұлттық спорт мектебі басшысының орынбасары

Әмірқұлов Еркін — Алматы облысының атбегісі

Сержан Омарбеков – Шығыс Қазақстагн облысының атбегісі.

 

Баспасөз қызметі  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.