АТЫРАУДА «ҚАНСОНАР-2017» БАСТАЛДЫ

Бүгін Атырау қаласында «Қансонар-2017» атты құсбегілердің республикалық турнирі басталды.

 

      Бүгін таңертеңгілік Атырау қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру» кешенінде салтанатты ашылуы өткен бүркітшілердің байрақты бәсекесін жанкүйерлер қауымы қала іргесіндегі  Жаңаталап ауылының «Құлагер» ипподромы маңында тамашалауда. «Қансонар-2017» республикалық бүркітшілер жарысын ұйымдастырушылардың бірі, Атырау облыстық ұлттық спорт клубының басшысы Өнербай Жанбаланың мәлімдеуіне сүйенсек бұған дейін мұндай турнир Атырау өңірінде осыдан тоғыз жыл бұрын өткен екен. Бұл турнирде Атырау облысының намысын қорғайтын үш құсбегі бар көрінеді.

       Биылғы жылы алғашқы болып ұлттық спорттың көрігін қыздырған бүркітшілер болды. Құсбегілер сайысы осы ақпан айының өзінде осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алдымен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ту көтерген бүркітшілер жарысы арада апта өтпей Жетісу өңірінде жалғасын тапқан. Енді міне, сол құс көтерген азаматтардың дені Атырау өлкесіне де жұптарын жазбастан жетіпті.  Бұл жарысқа да отыздан астам қатысушы өтініш білдірген. Бүркіті мен қаршығасының өнерін оздырған құсбегілерге бірінші орын үшін 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың және үшінші орын үшін 100 мың теңге сыйақы тігілмек. Жарыс қорытындысын алдағы күндерде жариялайтын боламыз.

Баспасөз қызметі 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.