АСТАНАЛЫҚ АСЫҚ АТУШЫЛАР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

 

 

Асық атудан биылғы жылы  үшінші мәрте ұйымдастырылған Қазақстан чемпионат аяқталды. Еліміздің сегіз өңірінің командалары бақ сынаған бәсекеде астаналық асық атушылар бас жүлдені жеңіп алды.

                Асық атудан Астана қаласының аға жаттықтырушысы Ескендір Рахметовтің шәкірттері «Бес табан» ойынында қарсылас шақ келтірмей, бәсекелестерінің бәрін ұтып шықты. Көкшетеуда өткен бұл чемпионатқа Астана командасынан басқа Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстары мен Көкшетау қаласының құрама командалары сынға түсті. Сегіз команда арасынан суырылып шыққан астаналық қолмергендер 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

               Естеріңізге салып өтсек, асық атудан алғашқы Қазақстан чемпионаты 2015 жылы Қостанай қаласында, екінші мәрте 2016 жылы Орал қаласында ту көтерген болатын.

Асық атудан Қазақстан чемпионатының 2017 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

І орын Астана қаласының  командасы.
ІІ орын
Жамбыл облысының командасы.

ІІІ орын Қостанай облысының  командасы.

Қыздар арасындағы «Бес тас» ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

І орын  Қостанай облысы.

ІІ орын Солтүстік Қазақстан облысы.

ІІІ орын – Ақмола облысы.

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*