ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР

Сонымен, биыл «Ұлы дала ойындары» аясында өткен ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты да мәресіне жетті. Көкпар мен аударыспақтан ересектер арасындағы ҚР чемпионаты осы жылы  XVІI рет жалауын көтерсе, теңге ілуден ҚР чемпионаты ХІ рет, жамбы атудан ҚР чемпионаты ІІІ рет ұйымдастырылды. Бұл елішілік бәсекеге Шығыс Қазақстан облысынан басқа Астана, Алматы қалалары мен он үш облыстың командалары толық қатысты. Тек Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары көкпар командаларын әкеле алмаған. Егер еске салып өтсек, былтырғы чемпионатқа да түрлі себептермен Қарағанды мен Қостанай облыстарының көкпар командалары қатыспай қалған болатын.

Биылғы нәтижелерге шола қарасақ, өткен жылы бесінші орынға сырғып түскен Оңтүстік Қазақстан облысының көкпар командасы ақтық сайыста әйгілі «Әулиеата» командасының өзін 10:1 есебімен ойсырата ұтып, бас жүлдені қанжығаларына байлап қайтты. Аударыспақтағы ауыр салмақта бірнеше жыл қатарынан оңтүстіктің оғландары Сырым Ізбасаров пен Біржан Қосалиев топ жарып келеді.  Жамбы атудан Бекбосынов Ербұланнан (ОҚО) асқан сұрмерген болмаса, теңге ілуден  Сапарбек Мағжан (ОҚО) бас жүлдені иеленді.

 

Көкпардан ҚР XVII чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын – Оңтүстік Қазақстан облысының командасы

2 орын – Жамбыл облысының командасы

3 орын – Атырау облысының командасы

4 орын – Маңғыстау облысының командасы

5 орын — Алматы облысының командасы

6 орын — Алматы қаласының командасы

7 орын — Астана қаласының командасы

8 орын — Ақтөбе облысының командасы

9 орын — Қызылорда облысының командасы

10 орын — Солтүстік Қазақстан облысының командасы

11 орын — Қарағанды облысының командасы

12 орын — Ақмола облысының командасы

13 орын — Павлодар облысының командасы 

Аударыспақтан ҚР XVII чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

60 келі салмақ бойынша;

1 орын –  Иманғазыұлы Нармағанбет (Батыс Қазақстан облысы);

2 орын – Бекбасаров Ерғали (Оңтүстік Қазақстан облысы) ;

3 орын – Жұмаділов Азат (Жамбыл облысы).

70 келі салмақ бойынша;

1 орын –  Еслямов Кенжебек (Ақмола облысы);

2 орын – Уахитов Айбын (Павлодар облысы) ;

3 орын – Байғонов Ерназар (Оңтүстік Қазақстан облысы).

 

80 келі салмақ бойынша;

 

1 орын –  Рахматіллә Есімхан (Оңтүстік Қазақстан облысы);

2 орын – Еламанов  Досан (Маңғыстау  облысы) ;

3 орын – Рахманбердиев Саламат (Жамбыл облысы).

90 келі салмақ бойынша;

 

1 орын –  Ізбасаров Сырым (Оңтүстік Қазақстан облысы);

2 орын – Сәбденов Төлеби (Жамбыл облысы);

3 орын – Көрпебаев Дархан (Қарағанды облысы).

90 келіден жоғары  салмақ бойынша;

 

1 орын –  Қосалиев Біржан (Оңтүстік Қазақстан облысы);

2 орын – Аманжолов Ақылбек  (Ақмола облысы);

3 орын – Құсайынов Мейірбек (Батыс Қазақстан облысы).

 

Теңге ілуден ҚР  XI чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

 

1 орын – Сапарбек Мағжан (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын – Бәшембаев Әліхан (Ақтөбе облысы)

3 орын – Зұлпыхар Бейбарыс (Алматы қаласы)

Жамбы атудан ҚР ІІІ чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері:

1 орын – Бекбосынов Ербұлан (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 орын – Омарбаев Талғат (Қарағанды облысы)

3 орын – Өзденбаев Бекқали (Қызылорда облысы)

 

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*