ҚАЗАҚ КӨКПАРЫНЫҢ КӨКЖАЛДАРЫ

Алғаш рет көкпардан Азия чемпионаты өтер тұста қалың жанкүйер «Кім жеңімпаз  болар екен?» десіп қатты алаңдаған-ды. Қазақ көкпаршылары жанкүйерін жерге қаратқан жоқ. 2013 жылы Астанадағы «Қазанат» атшабарында 11 команда арасында өткен бәсекеде Азия чемпионатының бас жүлдесін қанжығаларына талассыз байлады.

Енді міне, І Әлем чемпионаты ту көтерер мезгіл таяп қалды. Астанада төрткүл дүние көкпаршылары бақ сынамақ. Бұған дейін біз шетелдік спортшылардың аты-жөндеріне дейін жариялап, көпшілікке таныстырып қойдық. Ал, осы дүбірлі додада өнер көрсететін біздің көкжал көкпаршыларымыз кімдер?  

І Әлем чемпионатында алаштың намысын қорғайтын көкпардан Қазақстан құрама командасының мүшелері жуырда ғана айқын болды. Таныс болыңыздар, сайдың тасындай сараланып  шыққан қазақ көкпарының 12 таңдаулы көкпаршысы осы азаматтар.

 

 

 

ШЫРЫМБАЕВ БАҒЛАН

ӘЛІБЕКҰЛЫ

 

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысыТүлкібас ауданы

Туған жылы: 1982 жылғы 16 мамыр

Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы

Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата»  командасының шабуылшысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 2013 жылы   Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының үш дүркін  жеңімпазы (2013, 2015, 2016 жылдар), «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы (2013), Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының фестивалінің жеңімпазы (2015).

 

 

 

ТОҒАЙБАЕВ ҚҰЛАЖАН

ЕРҒАЛИҰЛЫ

 

 

                                                           Туған жері: Жамбыл облысы  Жуалы ауданы

         Туған жылы: 1987 жылғы 14 сәуір

Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы

         Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және теңге ілуден «Қазақстан Республикасының спорт шебері»,көкпардан Қазақстан Республикасы чемпионаттарының бес дүркін жеңімпазы (2009, 2010, 2013, 2015, 2016),  көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері (2006), көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері (2007), көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы (2008), «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы (2013),  Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2015), теңге ілуден Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы (2008),  2013 жылы Көкпардан Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы.

 

 

ДҮЙСЕНБИЕВ МАНАРБЕК ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы

Туған жылы: 1976 жылғы 9 қаңтар

Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы

Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының қорғаушысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,Қазақстан Республикасының жеті дүркін жеңімпазы (2005, 2007, 2009, 2010, 2013, 2015, 2016),  төрт дүркін күміс жүлдегері,  «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2003, 2013),  ЕуроАзия Кубогінің иегері (2003),     Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің үш дүркін жеңімпазы (2004, 2011, 2015), Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойындарының жеңімпазы (2006), 2013 жылы көкпардан Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы.

 

 

РҮСТЕМОВ АТАМЕКЕН

НӘБИҰЛЫ

Туған жері: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

Туған жылы: 1984 жылғы 22 қараша

Ойнайтын командасы: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасы

Спорттағы жетістіктері: Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасының қорғаушысы, көкпардан және аударыспақтан «Қазақстан Республикасының спорт шебері»,көкпардан Қазақстан Республикасының жеті дүркін жеңімпазы (2005, 2007, 2009, 2010, 2013, 2015, 2016), Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойындарының жеңімпазы (2006), «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының күміс жүлдегері (2009), Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2015), аударыспақтан Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін өткен халықтар ойындарының күміс жүлдегері (2006).

 

 

 

ШЫРЫНҚҰЛОВ БАҚТЫБАЙ

ТӨЛЕШҰЛЫ

 

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Жаңаталап ауылы

Туған жылы: 1981жыл

Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасы

Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының бес дүркін жеңімпазы (2004, 2009, 2011, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жетідүркін жеңімпазы (2007, 2008, 2010, 2011, 2012, 2014,  2016),  «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), Азия чемпионы (2013).

 

 

 

МЫРЗАБАЕВ НҰРЖІГІТ

БАҚДӘУЛЕТҰЛЫ

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Оймауыт ауылы

Туған жылы: 1987жыл

Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасы

Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасының қорғаушысы.

Көкпардан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының бес дүркін жеңімпазы (2004, 2009, 2011, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жетідүркін жеңімпазы (2007, 2008, 2010, 2011, 2012, 2014,  2016),  «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), Азия чемпионы (2013). 

 

 

 

САЙДУЛЛА АСЫЛАНБЕК

ФАЙЗУЛЛАҰЛЫ

 

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы

Туған жылы:1989жыл

Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасы

Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасының шабуылшысы.

Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012, 2013, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің екі дүркін жеңімпазы (2011, 2012), «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013).

 

 

 

НЫШАНБЕКОВ АБЫЛАЙХАН

ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы

Туған жылы:1994жыл

Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасы

Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасының шабылушысы.

Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының бір дүркін жеңімпазы (2012), Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы (2012, 2015), Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы (2014, 2017).

 

 

САБЫРОВ БӘЙДІБЕК

ЖАЙЫҚҰЛЫ

 

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысыҚазығұрт ауданы Тұрбат ауылы

Туған жылы: 1993жыл

Ойнайтын командасы: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасы

Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы «Құлагер» командасының шабуылшысы.

Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының бір дүркін жеңімпазы (2017), Жастар  арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.

 

 

 

АЙТБАЕВ ТЕМІРХАН

САДУАҚАСҰЛЫ

 

 

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ұзынарық ауылы

Туған жылы: 1982жыл

Ойнайтын командасы:Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасы

Спорттағы жетістіктері: Оңтүстік Қазақстан облысы«Құлагер» командасының шабуылшысы.

Көкпардан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Қазақстан Республикасының бес дүркін жеңімпазы (2004, 2009, 2011, 2014, 2017), А.Асқаров атындағы халықаралық турнирдің жеті дүркін жеңімпазы (2007, 2008, 2010, 2011, 2012, 2014,  2016), «Ақбидай» ауыл спорт ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2009, 2013), Азия чемпионы (2013).

 

 

 

БАЙТӨРЕЕВ ҰЛАН

АМАНТАЙҰЛЫ

 

 

Туған жері: Жамбыл облысы

Туған жылы: 1979 жылғы 28 қараша

Ойнайтын командасы: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасы

Спорттағы жетістіктері: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасының қорғаушысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,

2013 жылы Көкпардан Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы чемпионатының үш дүркін  жеңімпазы (2011, 2012, 2013).

 

ПУПЕНКО АЛЕКСАНДР АНАТОЛЬЕВИЧ

 

Туған жері: Астана қаласы

Туған жылы: 1988 жылғы 7 желтоқсан

Ойнайтын командасы: Маңғыстау облысының «АдайАта» командасы

Спорттағы жетістіктері: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасының шабуылшысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,

2013 жылы Көкпардан Астана қаласында өткен Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы,   Қазақстан Республикасы чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы (2011, 2012, 2013).

 

КӨБЕЙ ЕРМЕК

РӘТАЙҰЛЫ

 

 

Туған жері: Жамбыл облысы

Туған жылы: 1984 жылғы 9 ақпан 

Ойнайтын командасы: Маңғыстау облысының «АдайАта» командасы

Спорттағы жетістіктері: Маңғыстау облысының «Адай-Ата» командасының қорғаушысы. Көкпардан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»,

Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы (2011, 2012, 2013), 2013 жылы Астана қаласында өткен І Ашық Азия чемпионатының жеңімпазы.

 

Баспасөз қызметі

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.