ЖАСАНДЫ СЕРКЕ САРАПҚА САЛЫНДЫ

 

 

Көкпардан өтетін Әлем чемпионатының уақыты таяп қалды. Әлемдік жарыстың талабы да бөлек. Соның бірі – додаға тасталатын серке. Бұл мәселе өткен Азия чемпионатында да  көтерілген-ді. Сол тұста да бірталай даярлықтар қолға алынған. Бірақ, түптеп келгенде Азия чемпионатында ортаға шын серке тасталды.

Ал, енді алдағы Әлем чемпионаты ойынында  серкенің өзі емес, оның жасанды тұлыбы тартылмақ. Мамандардың айтуынша, біздің елде тәжірибе ретінде бірнеше рет жасанды серкемен жарыстар өткен. Бірақ, сапасыз жасалғандықтан жарамсыз деп табылған. Содан бергі уақытта да стандартты серке тұлыбын жасау, оны сыннан өткізу мүлде тоқтап қалмаған.

Бүгін «Қазанат» атшабарында ұлттық спорттың басшылары мен білікті мамандары осы мәселе бойынша және бір бас қосты. Спорттық бұйымдар жасау шебері, алматылық Тоқтарбек Кәкім  серке тұлыбының соңғы жасаған түрлерін мамандар назарына ұсынды. Жуырдағы өткен көкпар ойынында сыннан өткізіп байқаған. Бұл жасанды серке аттар тұяғының жаншуына да, көкпаршылардың жұлқып-тартқан таласына да төзіп беріпті. Көкпаршылар да еш наразылық білдірмеген.  

 

 

U

Спорттық бұйымдар жасау шебері Тоқтарбек Кәкім

 

Дегенмен, мамандар тарапынан Тоқтарбек Кәкім  жасаған жасанды серкенің әлі де жетілдіре түсер тұстары баршылық екені айтылды. Мәселен, атпен құйғыта шауып келіп мәреге тасталған сәтте жасанды серке допша домалап кетпеуге тиіс. Буын-буындарының, омыртқаларының сіресіп қалғанына да сын айтылды. Мұндай толықтырулар тағы да жасала түспекші. Егер таяу арада Тоқтарбек Кәкім  шебер бұл жасанды серкені толық жетілдіріп, барлық жағынан да шынайы серкеге ұқсас жасап шығар болса, онда алдағы көкпардан өтетін Әлем чемпионатында да, сонымен қатар көкпар ойынының барлығында да тек сол жасанды серке ортаға тасталатын болады.  

Баспасөз қызметі  

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.