КӨКПАР ЖЕРЕБЕСІ ҚАЛАЙ ТҮСТІ?

U

U

Бүгін «Қазанат» атшабарында  көкпардан  І Әлем чемпионатында ойнайтын командалар өз қарсыластарын анықтады. Әлем чемпионатын өткізу  шарты бойынша 12 команда өкілдері бір ай бұрын Астанаға арнайы келіп, жеребе тарту рәсіміне қатысты.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған бұл жеребе тартудың өзі қазақы нақышта өтті. Журналистер  мен жанкүйердің көз алдында шетелдік командалар өкілдері ою-өрнекті қоржынға салынған киіз үй пішіндес ыдыстардағы нөмірлерді кезекпен суырып, қай топта, қандай командалармен кездесетінін анықтап қайтты. Сонда жеребе кімге қалай түсті? Рет саны бойынша таныс болыңыздар.

«А» тобында:

№-1 – Қырғызстан көкпар командасы

№-2 – Өзбекстан көкпар командасы

№-3 – Түркия көкпар командасы

№-4 – АҚШ көкпар командасы

№-5 – Тәжікстан көкпар командасы

№-6 – Моңғолия көкпар командасы

«Б» тобында:

№-7 – Қазақстан көкпар командасы

№-8 – Әзербайжан көкпар командасы

№-9 – Ресей көкпар командасы

№-10 – Венгрия  көкпар командасы

№-11 – Қытай көкпар командасы

№-12 – Ауғанстан көкпар командасы

Сонымен, 20-28 тамыз айында дәл осы «Қазанат» атшабарында ту көтеретін І Әлем чемпионатында 12 көкпар командасы төмендегі кесте бойынша бақ сынайтын болады. Бір күнде алты кездесу тамашаланады.  

22 тамыз күні кездесетін командалар:

1.Қырғызстан командасы – Моңғолия командасы

  1. Қазақстан командасы – Ауғанстан командасы
  2. Өзбекстан командасы – Тәжікстан командасы
  3. Әзербайжан командасы – Қытай командасы
  4. Түркия командасы – АҚШ командасы
  5. Ресей командасы – Венгрия командасы

23 тамыз күні кездесетін командалар:

  1. Моңғолия командасы – АҚШ командасы
  2. Тәжікстан командасы – Түркия командасы
  3. Қырғызстан командасы – Өзбекстан командасы
  4. Ауғанстан командасы – Венгрия командасы
  5. Қытай командасы – Ресей командасы
  6. Қазақстан командасы – Әзербайжан командасы

24 тамыз күні кездесетін командалар:

  1. Өзбекстан командасы – Моңғолия командасы
  2. Түркия командасы – Қырғызстан командасы
  3. АҚШ командасы – Тәжікстан командасы
  4. Әзербайжан командасы – Ауғанстан командасы
  5. Қазақстан командасы – Ресей командасы
  6. Венгрия командасы – Қытай командасы

 25 тамыз күні кездесетін командалар:

  1. Түркия командасы – Моңғолия командасы
  2. АҚШ командасы – Өзбекстан командасы
  3. Тәжікстан командасы – Қырғызстан командасы
  4. Ресей командасы – Ауғанстан командасы
  5. Венгрия командасы – Әзербайжан командасы
  6. Қытай командасы – Қазақстан командасы

 26 тамыз күні кездесетін командалар:

  1. Моңғолия командасы – Тәжікстан командасы
  2. Өзбекстан командасы – Түркия командасы
  3. АҚШ командасы – Қырғызстан командасы
  4. Ауғанстан командасы – Қытай командасы
  5. Әзербайжан командасы – Ресей командасы
  6. Венгрия командасы – Қазақстан командасы

      Осы кездесулерден соң жеңіске жеткен командалар ширек, ақтық ойындарға іріктеліп шығады. Қазақ топырағында, Елорда төрінде тұңғыш ұйымдастырылып отырған әлемдік көкпар додасының қызығынан қапы қалмаңыз, ағайын!

 

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.