САДАҚШЫЛАР МЕРГЕНДІК ШЫҢДАП ЖАТЫР

U

Астанадағы «Қазанаттан» думанды бәсекелер үзілер емес. Оған қоса ұлттық спорттан өтетін әлемдік дода алдындағы оқу-жаттығу жиындары да осы атшабарда өткізілуде. Қазіргі кезде 11-13 тамыз күндері ту көтеретін «Алтын жебе» халықаралық турнирінің оқу-жаттығу жиыны басталып кетті. «Алтын жебе» турнирінде неше сұрмергеннің ел намысын қорғайтыны анықталды.

Біз атшабарға барғанымызда мергендеріміз «Адырнасын ала өгіздей мөңіретіп» ат үстінен нысана атып жатыр екен. Аты оқу-жаттығу жиыны демесеңіз, садақшыларымыз дәл бәсеке үстінде жүргендей жинақы, сергек. Көздегенін қапы жіберер емес. Адырнадан атылып шығып, зу-зу ұшқан жебелер нысанаға сарт-сарт қадалуда. Құйғыта шауып өтіп те, ат үстінде тұра қалып та атып жатыр. 10 секундта бес жебе атып үлгеретіндері бар. Бәрі де нысанаға дөп тиюде. Сүйсініп көретін-ақ көрініс.

Елімізде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында топ жарған, бірнеше дүркін жүлделі болған сұрмерген садақшыларымыздың қатары аз емес. Сол қалың мергендердің арасынын іріктей келе жуырда «Алтын жебе» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының құрамы бекітілді. Садақшылардың бас бапкері Байбөриев Нұркен. Таныс бола беріңіздер, төмендегі бес сұрмерген алдағы «Алтын жебе» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайды. Олар:   

  

 

  1. Узденбаев Бекқали – Қызылорда облысынан;
  2. Бадашев Елдос – Жамбыл облысынан;
  3. Сарыбай Айтбек – Оңтүстік Қазақстан облысынан;
  4. Айкөз Ералхан – Оңтүстік Қазақстан облысынан;
  5. Тулыбеков Абзал – Жамбыл облысынан.

 

Баспасөз қызметі

 

    

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*