АЙТБЕК МЕРГЕН

Оқырмандарымызға ілгеріде Жамбы атудан Ұлттық құрама команданың капитаны Бадашев Елдос бауырымызды  таныстырған болатынбыз. Бүгін еліміз садақшылары арасынан іріктеліп шығып, республикамызда тұңғыш ұйымдастырылып отырған «Алтын жебе» халықаралық жарысына қатысатын тағы бір аймаңдай азамат туралы ақпаратты назарға ұсынуды жөн көрдік. Таныс болыңыздар, жамбы атудан ҚР  Ұлттық құрама командасының белді мүшесі, он тоғыз жасында еліміздің сұрмергені атанып, үздіктер қатарынан орын алған Сарыбай Айтбек мерген.

            Сарыбай Айтбектің есімі садақ атушылар арасында 2015 жылдан жақсы таныс. Сол жылы ол бар-жоғы алты ай дайындықтан соң Оралда өткен кадеттер арасындағы чемпионатта бас жүлдені тұңғыш рет жеңіп алды. Айтбек сол жылы 16 жаста ғана болатын.

              Сарыбай Айтбек Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданында 1998 жылы туған. Ұлттық садақ атуға қаршадайынан құмар болған Айтбек үш жыл ішінде жастар мен ересектер арасындағы сан сайыста бас жүлдені иеленіп, Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Спорт шебері атанды. Жамбы атудан Қазақстан құрама командасының белді мүшесі.

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*