«АЛТЫН ЖЕБЕДЕ» ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Бұйыртса, енді он шақты күннен кейін «Алтын жебе» халықаралық мергендер сайысының туы көтерілмек. Елімізде тұңғыш ұйымдастырылып отырған бұл турнирге қатысатын шет ел садақшыларының аты-жөнін жуырда ғана жарияладық.  Бүгін Жамбы атудан Қазақстан құрама командасының үш мергенімен таныс болыңыздар. «Алтын жебе» әлемдік мергендер сайысында ел намысын қорғайтын бес мергеннің үшеуі осы азаматтар.

  

Абзал ТУЛЫБЕКОВ – Жамбыл облысы, Мерке ауданында 1996 жылы туған. 2017 жылғы Жамбы  атудан ҚР жастар арасындағы чемпионаттың жеңімпазы. Спорт шебері. ҚР құрама командасының мүшесі.

Бекқали  ӨЗДЕМБАЕВ – Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 1970 жылы туған. 2017 жылғы ҚР чемпионатының жүлдегері. 2016 жылы өткен «Астана жұлдызы» турнирінің жеңімпазы. Спорт шебері. ҚР құрама командасының мүшесі.

 

Ералхан АЙКӨЗ – 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында туған. Ералхан 2016 жылы өткен А.Асқаров атындағы Халықаралық турнирде жамбы атудан гран-при иегері, 2015 жылы Жамбы атудан жастар арасында тұңғыш ұйымдастырылған ҚР чемпионатының жеңімпазы. Спорт шебері. ҚР құрама командасының мүшесі.

Баспасөз қызметі 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.