АЛАМАН БӘЙГЕ МЕН ҚАЗАҚ КҮРЕСІН КӨРІҢІЗДЕР!

Тамыздың 5-6 жұлдызында Астанадағы «Қазанат» атшабарында ат бәйгесінің екі түрінен және қазақ күресінен республикалық жарыс өтеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясындағы аталмыш жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитеті, Қостанай облысының әкімдігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырып, басшылық жасайды.

          6 тамыз республикалық жарыстың басталу күні. Түс кезінде «Этно-ауылдағы» боз кілемде балуандар белдесуі басталады. Бұл қазақ күресіне 18 жастан асқан, салмағы 73 келіден жоғары балуандардың барлығы қатыса алады.

             Ал, бәйге түрлеріне аздаған шектеулер бар. Аламан және топ бәйгеге ұйымдастырушы өңірден өзге Астана, Аламаты қалалары мен барлық облыстар тек 2 жүйріктен ғана қатыстыра алады.

             Аламан бәйге қашықтығы – 21 шақырым.

           Топ бәйге қашықтығы – 15 шақырым.

           Қос жарыстың да жүлде қоры қомақты. Бәйгелердің бас жүлдесі – екі жеңіл автокөлік. Екінші орынға – 2 миллион теңге. Бесінші орын алған жүйрікке дейін жүлде беріледі.

           Қазақ күресінің жеңімпазы – 700 000 теңге қаржылай сыйлық және арнайы дипломмен, медальмен марапатталады. Үшінші орынға дейін жүлде бар.  

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*