РУМЫН, ФИН ЖӘНЕ МАЖАР МЕРГЕНДЕРІ

 

«Алтын жебе» халықаралық турниріне қатысатын Румын, Фин және Мажарстан мергендерімен таныс болыңыздар. Ат үстінен садақ атуда талай сайыста жеңімпаз атанған сұрмергендердің атақ-даңқы осындай.

 

       Немети Кристоф Арпад – Мажарстандағы әйгілі мергендердің бірі. Ұлттық садақ атумен жастайынан шұғылданған Намети Кристофлер мергендік сайыстарда үлкен нәтижелерге қол жеткізген. Ол әсіресе, ат үстінен садақ атуда көздегенін құр жібермес әккі мерген. Есімі Еуропа елдеріне танымал  Намети Кристофлер Еуропада ұйымдастырылған көптеген садақ ату фестивальдері мен халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Мажарстан ұлттық садақ ату құрама командасының мүшесі.

       Михай Козмей – Румынияда ат үстінен садақ атудан даңқы жайылған мерген. 2014 жылы Сеул қаласындағы ат үстінде садақ ату дүниежүзілік жарысында чемпион атанған.

Михай Козмей – 16 жасынан әскери жекпе-жек өнерімен шұғылданған. 1993-2004 жылдар аралығында Румынияның Варта Дорней қаласында Айки-до спортынан ұстаз болған. 2004 жылдан бастап «Жебе сапары» атты мектептің негізін қалап,  ат үстінен садақ атудан дәріс бере бастаған.

2013 жылдан бастап әлемдік жарыстарға қатысып, Түркия, Малайзия, Венгрия мемлекеттерінде өзінің теңдессіз мергендігін дәлелдеген.

        Анна Катарина Альбрехт – Фин елінің дәстүрлі садақ атудан аты әйгілі болған мерген қызы. Анна – нағыз қолмерген садақшы. Садақты ат үстінен көздемей атып, нысанаға дәл тигізуден даңқы шыққан. Көптеген шет мемлекеттерде өткен дүниежүзілік жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері атанған.

2015 жылы маусым айында Иранда өткен парсылардың ат үстінен садақ ату турнирінде атақты мергендер қатарында сайысып, үшінші орынды жеңіп алған.

Баспасөз қызметі

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*