Астанада тұңғыш Көкпардан I-Ашық Азия чемпионаты басталады

 

 IMG_6349  IMG_6348

      Қыркүйектің 10-15 аралығында елімізде тұңғыш рет Көкпардан I-Ашық Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы 9 қыркүйек күні «Бәйтерек» медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан хабарлады.

       Көкпар ойыны түрік халықтарына ортақ болғандықтан, оны бірлесіп дамыту, халықаралық спорт дәрежесіне жеткізу мақсатында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биылғы жылы қыркүйектің 10-15 аралығында Көкпардан I-Ашық Азия чемпионатын өткізуді өз қолына алды. Елімізде тұңғыш рет өткізілгелі отырған чемпионатқа Азияның 8 мемлекеттері: Ауғаныстан, Қырғызстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысып, 4 күн бойы өзара бақ сынасатын болады.

      Азияның 9 елінен құралған тартысты бәсекеге жалпы саны 108 көкпаршысы қатысып, 4 күн бойы өзара бақ сынасатын болады.  Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. 1-ші орынға 10 млн. теңге, 2-ші орынға 6 млн. теңге, 3-ші орынға 4 млн. теңге бөлініп отыр.

IMG_6356

Көкпардан Азия чемпионатының кубогы

      Қауымдастық ұйымдастырып отырған чемпионаттың ашылу салтанаты үлкен мерекелік іс-шара ретінде ұйымдастырылып, оған еліміздің лауазымды тұлғалары мен зиялы қауымы қатысады. Ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер ұйымдастырылып, қазақтың спорт шеберлерінен шеру өтетін болады.

     Мұндай елдігімізді ұлықтайтын, ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін іс-шараға «Самрұқ Қасына» әл-ауқат қоры үлкен қамқорлық танытып, демеуші болып отыр.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

8717 2 42 15 10

8701 227 47 85

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*