«ЯБУСАМЭ» МЕРГЕНДЕРІ АСТАНАДА

 

Суретте: жапондық «Ябусамэ» мергендері. Сол жақта «Астана қалалық ат спорты» клубының директоры Аманжол Хасенов.

Жапонның «Ябусамэ» мергендері бірер күн бұрын Астанаға келді. «Алтын жебе» халықаралық турнирінде өз дәстүрлі садақ ату өнерлерін насихаттауды мақсат тұтқан жапондық садақшылар қазіргі кезде жаттығуларын бастап кетті.

             Жапон елінің 900 жылдық тарихы бар дәстүрлі «Ябусамэ» атты садақ ату өнері 12-13 тамыз күндері өтетін «Алтын жебе» турнирі барысында жұртшылық назарына ұсынылмақшы. Ат үстінен ұлттық садақ ату жапонның да ежелгі өнерінің бірі. Түркі халықтарының дәстүрлі спорт  түрлері халықаралық қауымдастығы «Ябусамэ» өнерін дамытушыларды  «Алтын жебе»  халықаралық турниріне қатысуға арнайы шақырған.

          Жапонның «Такэда», яғни, ат үстінен садақ ату тарихы 8 ғасырдан бастау алады екен. Оның ортақ атауы – Кися болса,  «Ябусамэ» дегеніңіз осы Кисяның үш түрінің бірі көрінеді.

         Өткен күні ресми делегация өкілдері мен мергендері бар жапондық меймандарды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы қызметкерлері қарсы алды. Садақтарының өзі орта бойлы адамнан ұзын келетін «Ябусамэ» мергендері «Алтын жебе» турнирінде жарыстан тыс жарты сағаттан астам өз өнерлерін  көрсетпеші.

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.