АҚШ-тың  АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫ МЕН КӨКПАРШЫЛАРЫ АСТАНАДА

Бүгін Астанаға АҚШ-тың Аударыспақ пен Көкпар құрама командалары келді.

          17-18 тамызда «Қазанат» атшабарында Аударыспақтан ашық халықаралық турнир ту көтереді. Қазіргі кезде осы байрақты бәсекеге 9 мемлекеттің команда әкелетіні анық болды. Бұған дейін Аударыспақтан екі мәрте Азия чемпионатын ұйымдастырған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы  аталмыш турнирге АҚШ аударыспақшыларын да арнайы шақырған. Соңғы жылдары көкпар мен аударыспаққа қатты қызығушылық танытып, мұхиттың арғы жағында көкпар додасын өткізе бастаған америкалық ұлттық спорт ойындары бапкерлері 17-18 тамызда өтетін ашық халықаралық турнирге де, 20-28 тамызда өтетін Көкпардан І Әлем чемпионатына да спортшыларын алып келді.

           АҚШ көкпар командасы Әлем чемпионатына дейін Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, мүмкіндік туса қазақ көкпаршыларымен достық кездесулер жасамақшы. Ал, аударыспақ турниріне АҚШ командасы 80 келіге – Creed Garnik, 90 келіге Chandler Minton, 90 келіден жоғары салмаққа Braian Minton есімді спортшыларды қосады.

           Осы орайда, Қазақ елінде көкпардан тұңғыш ұйымдастырылған Әлем чемпионатына, аударыспақтан халықаралық турнирге америкалық спортшылардың қатысуына АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің үлкен көмек жасағанын айтып өтуді де жөн көрдік.

Баспасөз қызметі

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.