ЕРТЕҢ АҚШ КӨКПАРШЫЛАРЫ КЕЗДЕСЕДІ

Ертең «Қазанат» атшабарында Қазақстандағы АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен І Әлем чемпионатына қатысуға келген АҚШ көкпар құрама командасын таныстыруға байланысты БАҚ өкілдерімен кездесу өтеді.

       Кеше Астанаға жеткен АҚШ көкпар құрама командасы Елорда іргесінде оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Мұхиттың арғы жағында дүбірлетіп көкпар тартып жүрген бұл команданың дені АҚШ-тың Вайоминг штатының Бозмен, Джексон атты қалаларында тұратын, ат құлағында ойнап өскен нағыз америкалық ковбойлар екен. Ертең сағат 10-да басталатын аталмыш жиынды осы америкалық ковбойлар құрметіне  Қазақстандағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісінің өзі жүргізуі мүмкін деген ақпарат алдық.  Кездесу соңында америкалық ковбойлардың ат үстіндегі өнерлерінен қысқа көріністер тамашаланбақ.

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.