АМЕРИКА АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫН КӨРДІҢІЗ БЕ?

 

Суретте: 80 келі салмақта сынға түсетін Крид Гарник есімді атақты америкалық аударыспақшы осы.

 Аударыспақтан ашық халықаралық турнир мен Көкпардан І Әлем  чемпионатына қатысу үшін АҚШ-тан көкпар мен аударыспақ құрама командаларының кеше Астанаға келіп жеткенін хабарлаған болатынбыз. Америкалық ковбойлар қазір Астанадағы оқу-жаттығу жиынына кірісіп кетті. Біз бүгін оқырманымызға 17-18 тамызда өтетін ашық халықаралық турнирде 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақта бақ сынайтын америкалық аударыспақшыларды таныстыра отыруды жөн көрдік. Бұл жігіттер АҚШ-тың Вайоминг штатының Бозмен, Джексон атты қалаларында тұратын, ат үстінде өнер көрсетуде алдарына қара салмайтын нағыз америкалық ковбойлар көрінеді.

 

Суретте: 90 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеймін деген сеніммен келген Чандлер Минтон.

 

 

Суретте: +90 келі салмақта америкалық ковбойлардың үздігі  Брайан Минтон. 

 

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.