ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы «НАУРЫЗ» мейрамын атап өтті

2013 жылдың 21 сәуір күні ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы «Балқарағай» демалыс жайында «Наурыз» меркесін жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шарада ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізіліп, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы бұл шараны ұйымдастырудағы мақсаты — ұлттық салт-дәстүрлерімізді, ұлттық спортты насихаттау, ұлттық өнердің мәртебесін көтеру болып табылады. Төл мерекеміз «Наурызды» бір ай көлемінде тойлау дәстүрін жалғастыру және ұлттық ойындарымызды кеңінен насихаттау, жаңғыртуды көздеген Қауымдастықтың бұл мерекелік іс-шарасы ұлттық мәртебемізді бір көтеріп салды. «Наурыз» мерекесін тойлау барысындағы көкпар тарту, теңге ілу, аударыспақ ойындарынан жарыстар өткізілді. Мерекеге шақырылған арнайы қонақтар — ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ғ. Абдрахимов, «Нұр Отан» ХДП-ның бірінші орынбасары Б. Бәйбек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Д. Қалетаев, тағы да басқа басшылық қызметтегі тұлғалар асық атудан жарысты. Асық ату ойынын ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Президенті Қ. Сатыбалды мен Қауымдастықтың бірінші вице-Президенті Б. Тілеухан бастап көрсетіп берді.

Мереке көркін елімізге танымал айтыскер ақындардың «Наурыз айтысы» жандандыра түсті. Б. Имашев пен Ж. Бұлғақовтың айтысы келген қонақтар мен көрермен қауымның ықыласына бөленіп, мерекелік шараны қыздыра түсті. Келген қонақтарға ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылып, ұлттық ойындардан олардың арасында да жарыс ұйымдастырылды.

ҰСТҚ баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*