ҮШІНШІ КҮНГІ КӨКПАР ДОДАСЫ

Бүгін Моңғолия мен Өзбекстан, Түркия мен Қырғызстан, Қазақстан мен Ресей, АҚШ пен Тәжікстан, және Мажарстан мен Қытай командаларының кездесуі тамашаланды. Әлем чемпионаты додасының көрігі енді қыза бастағандай. Әзірге, қазақ көкпаршылары  барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып келеді. Алғашқы күнгі  ойында моңғолиялықтармен қырық минут айқасқан қырғызстандықтар 4 салымды зорға салып еді. Одан кейінгі қарсыластарын қырғыз көкпаршылары да емін-еркін ұта бастады. 

Қазақ пен қырғыз көкпаршыларынан соңғы жақсы ойынды осы моңғолиялық көкпаршылар көрсетуде. Олар екінші күні АҚШ көкпаршыларын 10:4 есебімен ұтса, бүгін өзбекстандықтарды 8:4 есебімен жеңіп кетті.

Жалпы, бүгінгі бес кездесудің қорытындысы төмендегідей:

 

Моңғолия — Өзбекстан. Есеп — 8 : 4.

 Қырғызстан — Түркия. Есеп — 13 : 3.

Қазақстан — Ресей. Есеп — 15 : 3.

Тәжікстан — АҚШ. Есеп — 9 : 2.

Қытай — Мажарстан. 8 : 2.

Баспасөз қызметі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.