ТӨРТІНШІ КҮНГІ КӨКПАР ДОДАСЫ

Бүгінгі өткен бес ойынның ішінде тартысты өткені Түркия мен Моңғолия командалары арасындағы бәсеке дер едік. Кілең Түркияның шығысында тұратын қырғыз жігіттерінен жасақталған Алпаслан Жейланның командасы Моңғолия командасымен табан тіресіп, айқасып бақты. Аты Моңғолия командасы болғанымен бұл құрамада жүз пайыз Баян-өлгейлік өз қандастарымыз. Бұл ойында Айбарыс Болат, Досан Есжан, Қуантай Қайыржандар салымды қос-қостан салып, есепті 10:7-ге жеткізді. Жалғыз өзі бірнеше  салым салған Оғузхан Учар, сондай-ақ, Жемил Пакөз, Мұстафа Тимур, Ташбек Ватан сынды шебер ойыншылары бар Түркия командасы да бұл күні едәуір ширақ ойнады.

           Ойын шеберліктері деңгейлес деген Ресей мен Ауғанстан командаларының кездесуі 5:1 есебімен ауғанстандықтардың пайдасына шешілді. Ал, өзге үш ойында қарсыластары осалдау соққан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан командалары ұпай айырмашылығын еселеп асырып, аса қиналмастан жеңіске жетумен болды.

         Бұған дейін Өзбекстан, Түркия, АҚШ командаларын айқын басымдылықпен ұтып келген Тәжікстан командасы бүгін қырғыз жігіттерінен ойсырай ұтылды. Бірақ, көкпардың есеп-шотын қаққан мамандардың айтуынша егер алдағы күнде тағы бір жеңіске жетер болса осы тәжікстандықтардың жартылай финалда ойнау мүмкіндігі жоғары көрінеді.

24 тамыз күнгі қорытынды ойын нәтижелері төмендегідей:

Моңғолия – Түркия. Есеп – 10 : 7.

Өзбекстан – АҚШ. Есеп – 11 : 1.

Қырғызстан – Тәжікстан. Есеп – 15 : 2.

Ауғанстан – Ресей. Есеп – 5 : 1.

Қазақстан – Қытай. Есеп – 14 : 5.

Баспасөз қызметі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.