ЖАСӨСПІРІМДЕР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында өткен ұлттық спорттан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Командалық көкпар бәсекесінде Оңтүстік Қазақстан облысының өрендері жеңімпаз атанды.

        Биыл алғаш рет елішілік жасөспірімдер чемпионатында 11 команда бақ сынады. Бұл дүбірлі додаға түрлі себептермен тек Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Алматы облыстары мен Астана қаласының жасөспірімдері ғана қатыса алмады. Көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу спорт түрлерінен сынға түскен 1999-2001 жылы туған жасөспірімдер арасындағы сайыс бір аптаға созылды.

         Биылғы командалық көкпар бәсекесінің барлық бас жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жеңіп алды. Көкпардан өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында оңтүстіктіктің оғландары жеңімпаз атанған. Сол жеңісті жолды жасөспірімдер жалғады. Жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың бас жүлдесі тағы да Оңтүстік Қазақстан облысы командасының қанжығасына байланды. Екінші орынды Қызылорда облысының командасы, үшінші орынды Алматы қаласының командалары иеленді.

         Жасөспірімдер арасындағы VI ҚР чемпионатының толық ақпараты алдағы күндерде жарияланады.

Баспасөз қызметі.  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.