БҮРКІТШІЛЕР БӘСЕКЕСІ АЯҚТАЛДЫ

        Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің республикалық турнирі аяқталды. Еліміздің бірнеше облысынан келген жиырмадан астам қыран құстар бәсекесі Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының аумағында кеше басталған болатын. Қолға шақыру, шырғаға түсіру арқылы екі күн алғырлықтары сыналып, үздіктері іріктелген бүркіттерді ақтық сында қоянға салып сынады. Үздік деп танылған оншақты бүркіттің қоянға түсуі төрешілер берген ұпаймен бағаланып, бес бүркітші жарыс жүлдесін иеленді.  

       Биыл үшінші мәрте ту көтерген Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы турнирде Жамбыл облысынан келген  жас бүркітші Серікболсын Жалғасұлы жеңімпазы атанды. Негізінде, жүлделі орын иеленген бүркітшілердің, жалпы осы жарысқа қатысушылардың дені кілең жастар. Атадан мұра асыл өнерді жастарымыздың жете меңгергені көңіл қуантты.

Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы республикалық ІІІ турнирдің жүлдегерлері:

 1 орын – Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)

2 орын – Сейітжан Алмас (Алматы облысы)

3 орын – Абдулкәрімұлы Сармат (Атырау облысы)

4 орын – Тастанбек Байрақ (Қостанай облысы)

5 орын —  Шөленбаев Қанат (Ақмола облысы)

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.