Көкпардан Азия чемпионаты жалауын көтерді

11.09.2013, 19:00 Спорт  

Бүгін Астанада көкпардан алғашқы Азия чемпионаты өз жалауын көтерді.

Елордадағы «Қазанат» атшабарында 8 мемлекеттің ең үздік қөкпаршылары өзара шын мықтыны анықтауда.. 

Елордадағы «Қазанат» атшабары. Бүгін бұл жер сегіз бірдей мемлекеттің білекті хәм жүректі жігіттерінің күш сайыс алаңына айналды. Делебесі қозған жанкүйер де, арғымағын баптаған атбегілер де осында. Қазақстан, Қырғызс, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Монғолия және Қытай елінің спортшылары ала жаздай көк серкені тақымдарына қысып, тұңғыш Азия чемпионатына дайындалыпты. Шара барысында көкпаршыларға аударыспақ, теңге алу, қыз қуу сынды қазақтың ұлттық ойындарынан да сахналандырылған көріністер көрсетілді. 

  Елімізідің көкпаршыларына қиқу қосып, шашбауын көтеруге ұлттық ойынның һас шебері де келді. Сиднейдегі олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков көкпар ойынын олимпиадалық ойындар қатарына енгізу керек деген пікірін ортаға салды. 

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ,  СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: 

— Көкпардан азия чемпионаты болып жатыр. Әлем біріншілігі, олимпиадаға да  былай өткізсе бұл көкпардың халыққа қызығушылығы мол. Халыққа бокстан қарағанда нағыз өзіміздің қанымызға біткен ата-бабамыздан келе жатқан көкпар.

Екі жылда бір өткізіледі деп жоспарланған көкпардан Азия чемпионатын келесі жолы Түркия мемлекеті өз елдерінде ұйымдастыруды жоспарлап отыр екен. 

СИНАН ЗЕЧЕР,  ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ ДЕЛЕГАТЫ:

 — Бұл ойын түркі тілдес халықтарға ортақ. Міне ең ауқымды сайыс Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Игі бастамаға мұрындық болғандарыңызға рахмет. Қазір көкпар ойынына еуропа жұртшылығы да қызығушылық танытып отыр. Осы жоба жалғасын тауып дами береді деген сенімдемін.

Бүгін алаңда сегіз команда өзара кездесіп, Қазақстан Тәжікстанды 9-3 есебімен жеңсе, Қызғыз елінің көкпаршылары Өзбекстандық әріптестерін 11-1 көрсеткішімен қапы қалдырды. Ал Ресей құрамасы Моңғолия көкпаршыларын 13-0 есебімен ұтып, айқын жеңіске жетті. Сондай-ақ, Қытай құрамасы Түркия қазандығына 8 салым салып, мерейі үстем болды. Біздің команданың намысын Арслан Қабжанов, Александр Пупенко және Бағлан Шырымбаев сынды танымал көкпаршылар қорғауда. Сайыс ертең де жалғасады.

Талғат Уәли

Жетінші Арна, Астана

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*