ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

           Жуырда  Шымкент қаласында өткен 1999-2001 жылы туған жасөспірімдер арасындағы VI ҚР чемпионатының аяқталғанын хабарладық. Бүгін оқырмандарымыз назарына  осы чемпионаттың ойын нәтижелерін  ұсындық. Бүгінгі жасөспірімдер, яғни, 16-18 жастағы бозбалалар арасында ертеңінен үміт күттіретін, болашақта  ұлттық спорт сайыстарында ел намысын қорғайтын кімдер бар? Жамбы атуда, аударыспақ пен теңге ілуде кімдер оза шауып, бәйге алды? Келер жылдарда ересектердің  Ұлттық көкпар құрама командасының сапына алынар саңлақтар саны қалың ба? Төмендегі ақпараттан осы сауалдарға жауап табуға болады деген ойдамыз.

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Көкпар бәсекесінің нәтижелері:

       Жартылай финалға  Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының жастары шықты. Нәтижесінде алматылық команданың шабуылшысы Тобажан Жанарыстың 16 минутта салған жалғыз салымы Жетісу өрендерінің чемпионаттың үшінші орынына табан тіретті. Сөйтіп, ақтөбелік жастарға жүлделі орын бұйырмады.

     Ал, ақтық бәсекеде бақ сынаған Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының ойыны өте шиеленісті өтті. Ойынның екінші минутында Оңтүстік Қазақстан облысының шабуылшысы Мұхтаров Ерғали алғашқы салымымен есеп ашты. Іле-шала қызылордалық Асқаров Нұрлыбек есепті теңестіріп, артынша Ағайдар Дәулет екінші салымды салғанымен бұдан соң серкені өз «отауларына» дәл түсірудің сәті түспеді. Оңтүстікқазақстандық Ертай Нариман, Жарылқап Елдар, Өмірзақ Нұршері бір-бірден, ал, Төлеп Нұрислам екі салым салып, бәсекені 6:2 есебімен аяқтады. Сөйтіп, оңтүстіктің өрендері чемпионат жеңімпазы атанды. Ал, қызылордалық оғландарға күміс жүлде бұйырды.

1 орын – Оңтүстік Қазақстан облысының  командасы.

2 орын – Қызылорда облысының командасы.

3 орын – Алматы қаласының командасы.

 

 

 

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Теңге ілу бәсекесінің нәтижелері:

       1 орын – Рахат Қамбаров (Оңтүстік Қазақстан облысы)

       2 орын – Заңғар Қойбағаров (Жамбыл облысы)

         3 орын   – Бақытжан Төрехан (Батыс Қазақстан облысы)

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Аударыспақ бәсекесінің нәтижелері (40 келі салмақ бойынша):

       1 орын – Асланов Иранғайып (Ақтөбе облысы)

       2 орын – Байсейіт Нұрдәулет  (Қызылорда облысы)

         3 орын   – Қамбар Бекзат (Оңтүстік Қазақстан облысы)

         3 орын – Салимов Бекзат (Батыс  Қазақстан облысы)

 

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Аударыспақ бәсекесінің нәтижелері (50 келі салмақ бойынша):

       1 орын – Құралбай Ермек (Оңтүстік Қазақстан облысы)

       2 орын – Мұзарап Диасқожа  (Қызылорда облысы)

         3 орын   — Жанарбек Айшырақ (Ақтөбе облысы)

         3 орын – Үсен Шерхан (Жамбыл облысы)

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Аударыспақ бәсекесінің нәтижелері (60 келі салмақ бойынша):

       1 орын – Өткелбай Дарын  (Оңтүстік Қазақстан облысы)

       2 орын – Серікжан Бақдәулет  (Алматы қаласы)

         3 орын   – Файзулла Әбдінасырдин (Қызылорда облысы)

         3 орын – Мейірбек Бимағанбетов (Ақмола облысы)

 

 

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Аударыспақ бәсекесінің нәтижелері (70 келі салмақ бойынша):

       1 орын – Н.Иманғазыұлы (Батыс Қазақстан облысы)

       2 орын – Мұрат Ақжан  (Павлодар облысы)

         3 орын   – Төребек Болатбек (Батыс Қазақстан облыс)

         3 орын – Сәкен Рахматуллаев (Оңтүстік Қазақстан облысы)

VI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Аударыспақ бәсекесінің нәтижелері (+ 70 келі салмақ бойынша):

       1 орын – Тимофеев Виктор (Ақмола облысы)

       2 орын – Жаналин Әділжан  (Ақтөбе облысы)

         3 орын   – Қауынбай Нұрдәулет (Оңтүстік Қазақстан облыс)

         3 орын – Байсары Аман (Қызылорда облысы)

ІІI ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Жамбы ату бәсекесінің нәтижелері:

       1 орын – Ералхан Айкөз (Оңтүстік Қазақстан облысы)

       2 орын – Алтынбек Жеткерей (Қызылорда облысы)

         3 орын   – Шамен Темірлан (Алматы қаласы)

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

     

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.