ЖАС БҮРКІТШІЛЕРІМІЗ ТАРАЗДА

Биыл ІХ рет ұйымдастырылып отырған Жас бүркітшілердің республикалық чемпионаты бүгін Тараз қаласында ту көтерді.

        Жас бүркітшілер арасындағы Қазақстан  чемпионаты Жамбыл облысы өңірінде екінші рет өткізілуде. Өткен жылы Жамбыл облысының Мерке ауданындағы сегізінші чемпионатқа еліміздің 10 облысы мен 2 қаласынан барған жас құсбегілер бақ сынаған еді. Бабаларымыз қалыптастырған бекзат өнерді жалғастырушы жастар қатары биыл да қалың көрінеді.  Жастар арасындағы ІХ чемпионатқа әр өңірден  16 бүркіт, 5 қаршыға, 5 ителгі баптап әкелген балғын құсбегілердің тамаша өнеріне дәл осы кезде тараздықтар тәнті болуда.

         Жастар чемпионаты ертең аяқталады. Жарыстың қорытынды нәтижелері алдағы күндерде жарық көреді.

Баспасөз қызметі.   

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.