ЖАС ҚҰСБЕГІЛЕРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ КІМДЕР?

 

Тараз қаласында өткен  Жас құсбегілердің республикалық чемпионаты аяқталды. Биыл ІХ рет ұйымдастырылған жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында  жас бүркітшілер арасынан астаналық Рауіл Құдайберген бас жүлдені иеленді. Ал, қаршыға баптаған жастардан оңтүстік Қазақстан облысының өрені Паң Төлемырзаның мерейі үстем болды.

Суретте: (оңнан солға қарай) Сармат Әбділкәрімұлы, Рауіл Құдайберген және Сәкен Рамазан. 

Суретте: (оңнан солға қарай) Махмұдхан Зәки,  Паң Төлемырза және Серікболсын Жалғасұлы.     

  

        ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және денешынықтыру істері комитетінің жылдық Күнтізбелік жоспары бойынша өткізілген Жас бүркітшілер арасындағы Қазақстан  чемпионатына бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жастарымыз әр өңірден  16 бүркіт, 5 қаршығаны баптап әкелген. Бірнеше күн бойы шырғаға салу, қолға шақыру, қоянға салу, кептер ұстату сияқты сайыстар бойынша өнер жарыстырған балғын құсбегілер сенбі күні финалдық бәсекеге іріктеліп шықты. Сол күні жас құсбегілердің арасынан суырылып шыққан жеңімпаздардың есімдері анықталды.

          Бүркітшілер арасынан бас жүлдені астаналық Рауіл Құдайберген жеңіп алды. Екінші орынға жамбылдық Сәкен Рамазан табан тіресе, үшінші жүлде атыраулық Сармат Әбділкәрімұлына бұйырды.

          Қаршығашылар сайысында оңтүстіктің оғланы Паң Төлемырза жеңімпаз атанса, екінші орынды тараздық Серікболсын Жалғасұлы, үшінші орынды тағы бір  оңтүстік өрені Махмұдхан Зәки иеленді.  

Баспасөз қызметі.   

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.