8 желтоқсанда «Алтын тұғыр» өтеді 

 

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен  биыл бесінші мәрте өткізілетін «Алтын Тұғыр» атты ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі 8 желтоқсанға белгіленді.

 

           Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан осы дәстүрлі марапаттаудың басталуына санаулы ғана күндер қалды.  Жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын  Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын  думанды сәт үстінде елімізге танымал әнші-ақындар сахна төрінде өнер көрсетеді.

        «Алтын Тұғыр-2017» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау 8 желтоқсан күні Астанадағы «Қазмедиа» ғимаратының концерт залында өткізіледі. Басталуы сағат 19-00-де.  Келем деушілерге есік ашық.

 

Баспасөз қызметі  

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.