«Балқарағай» баурайындағы әз-Наурыз

Арқаның қысы ұзақ. Дәл наурыз айында бұл жерде алтыбақан теуіп, асық ойнап, көкпар тартып, арқаңызды күнге тосып маужырап отыра алмайсыз. Сондықтан Наурызды 2 ай тойлау дәстүрі көбінде еліміздің солтүстік өңіріне керек.

Наурыздан тура бір ай кейін, яғни сәуірдің 21-жұлдызында Астана маңындағы «Балқарағай» демалыс орнында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен айтулы Наурыз тойы болып өтті.

Мерекеге «Нұр Отан» ХДП Төр­аға­сының бірінші орынбасары Б.Байбек, аталмыш партияның хатшысы, ҚР Ұлт­тық спорт түрлері қауымдастығының пре­зи­ден­ті Қ.Сатыбалды, және осы қауымдастықтың вице-президенті, жырау Бекболат Тілеухан, «Самұрық-Қазы­на» АҚ атқарушы директоры Д.Қалетаев, Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігінің төрағасы Е.Қожағапанов тағы да басқа сыйлы қонақтар қатыс­ты.

Қыран бүркіт не алмайды салса баптап…

Алтыбақандағы арулар.

Айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Мейірбек Сұлтанхан асық ойынының қызығына кіріп кеткен сәтінен.

Суретте Наурыз-тойдың құрметті қонақтары.

Суретте: (оңнан солға қарай) ҚР ұлттық спорт ойындары қауымдастығы президенті Қайрат Сатыбалды, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов бастаған мырзалар

Бұл Илхам Ибрагим жүргізетін «Фобия» емес, табиғи заңдылық!

Қазақстанда екі жүздей ғана тазы қалды дегенге сенгім келмейді. Осындай дерек бар екен.

«Нәйм-нәйм бауырсақ».

«…Текеметтің үстінде ойнаушы едік, Бауырсақтай шашылып бала кезде» (Ұ.Есдәулеттен)

Ел тілегін ер тілейді, ер тілеуін ел тілейді.

Дархан Кәлетаев: «Көп асықты көздеме, көк асыққа тигізе алмай қаласың».

Ағамыз айтқан сөзін атқан асығымен дәлелдеді.

Көкпар басталды.

Салмағы 60 кг тартатын алып серкені адуынды жігіттер ғана көтереді.

Көкпардың қызығына көңілдері кетіп отырған көпшілік. Алдыңғы қатарда Б. Тілеухан, Қ. Сатыбалды, Б. Бәйбек, Д. Кәлетаев.

Жаппай көкпар.

Ағалар әңгімесі: «Біздің ауылда көкпарды былай тартатын еді…».

Қателеспесем, көкпардағы атақты «Сарышаян» атты сайгүлік.

Көкпаршы Александр Пупенка салым салып, сыйлық алуда.

Салымға жақындаған сәт.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Оспанов және «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Мәди Манатбектей ағаларымыз салымға жүлде тікті.

Көкпардан қайтқан көңіл қандай болушы еді?!

Қайрат Сатыбалды ағамыздың нысананы көздеп тұрған сәтінен.

«Садақ толы сай кез оқ, масағынан өткеріп, басын қолға жеткеріп, созып та тартар күн қайда?»

Бауыржан ағамыз бабында жүр екен.

Жандарбек Бұлғақов: «Қосқанда басымызды Балқарағай, Жолықты Балғынбектей дәу қарағай…»

Айтыс тыңдаған қазақтың арқасы қозбай тұра алмас.

«Елім менің» әні кең далада шырқалғанда кеудесінде қазақтың жүрегі бар адамды тебірентпей қоймайды екен-ау!

Наурыз тойдағы көңілі қош қонақтар.

 

Дайындаған, журналист-блогер Азамат Битан

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.