Анталияда өткен форум

Ақпан айының 17-18 жұлдызында Түркияның Анталия қаласында Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғыртудың форумы» болып өтті.

 

Бұл форумға алпысқа жуық елден келген этноспорт федерацияларының өкілдері қатысқан. Екі күндік форум этноспорттардың қазіргі жағдайына, оның алдында тұрған қиындықтарға және осы саланы Түркияда және бүкіл әлемде кеңінен тарату мақсатындағы қадамдарға арналған.

Аталмыш форумға Қазақстаннан да ұлттық спорт саласының басшылары,  ғалымдары мен бірнеше білікті мамандары қатысып қайтты. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов аталмыш жиын туралы: «Бұл форумды Дүниежүзілік этноспорттар конфедерациясының президенті Несметтин Білал Ердоған жүргізіп, өз баяндамасында әлемдегі ұлттық спорт түрлерінің жетістіктері, проблемалары мен болашақтағы атқарылар жұмыстары туралы кеңінен тоқталып өтті. Ұлттық ойын түрлерінің өз олимпиадалық бәсекелерін өткізу ұсыныстары айтылды. Бұйыртса, биылғы жылы ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылатын дүниежүзілік жарыстар қатары көбейе түспекші. Мысалы, сол Түркияда маусым және тамыз айларында екі ірі халықаралық фестиваль ұйымдыстырылмақшы. Біздің елімізде де ұлттық спорт түрлерінен өтетін халықаралық жарыстар қатары аз болмайды» деген мәліметтерді айтты.

Баспасөз қызметі

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.