Жамбыл ақын – көкпар төрешісі

Архив деректерінде Қазақстанда жалпы дене шынықтыру мен спорттың жаңа сапалы деңгейде жаппай қалыптасуы 1936 жылы басталғанын айтылады. 1936 жылғы шілдеде Қазақстанның республикалық дене шынықтыру және спорт істері комитеті құрылған. Алматыдағы дене шынықтыру және спорт техникумы мамандар даярлауды 1932 жылдан бастап кеткен.  Оқытушылар арасында Мәскеу мен Ленинградтың дене шынықтыру институттары түлектері ғана емес, жергілікті қазақ оқытушылар да мол болған. 1970 жылға қарай Қазақ ССР-інде дене шынықтыру ұжымының саны 10 мың 336-ға, ал, білікті бапкер саны 3 мың 222-ге жеткен.

Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастыру тіпті, 1941-1945 жылдары өткен екінші дүниежүзілік соғыс тұсында да назардан тыс қалмапты.  Мысалы, 1943 жылдың жаз айында Алматы мен қала іргесіндегі ауылдық жерде Орта Азия республикаларының спартакиадасы өткізіледі. Спартикиада бағдарламасына көкпар, аударыспақ, қазақша күрес, бүркіт салу, бәйге сияқты ұлттық спорттың түрлері молынан енгізілген. Спартакиадада еуропалық спорт түрлері және екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқандықтан спорттың әскерилендірілген (дуалдан секіру, гранат лақтыру, винтовкамен найзаласу) түрлерінен де жарыстар өткен.

1943 жылы елімізде өткен бұл жарыс туралы құнды мәліметтің бірі – 100 жылға жуық өмір сүріп, суырып салма ақын ретінде даңқы шыққан қазақтың әйгілі ақыны Жамбыл Жабаев туралы. Сол тұста жасы 97-ге аяқ басқан қарт ақын  әлгі спартакиада барысында  көкпар бәсекесінің бас төрешісі болыпты.

Қазақ елі Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, дәлірек айтқанда, 1996 жылы Алматыда өткен республикалық көкпар жарысының ақтаңгер ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылуы тегін болмай шықты. Бұл командалық көкпар бәсекесіне Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысы командаларымен қатар Қырғызстанның да көкпар командасы бақ сынаған екен.

Төлеген Жәкітай  

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.