ЖАРЫСТЫ ЖАСТАР БАСТАДЫ

Кеше Тараз қаласында көкпардан жастар арасындағы республикалық турнир  басталды. «Атақты көкпаршы Әшімхан Кенжебеков атындағы көкпар спортынан жастар арасындағы Республикалық турнир» 8 сәуір күні аяқталады.

 

Көкпар додасының биылғы жылғы  алғашқы бәсекесін жастар бастады. 1996-2000 жылы туған талапты көкпаршылар арасындағы бұл елішілік жарыста 8 команда бақ сынауда.  Атап айтқанда Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысының командалары және Жамбыл облысының «Әулиета», «Байзақ датқа» командалары кеше алғашқы бәсекені бастап кетті.

Кешегі күні өткен төрт кездесуде  «Әулиеата», «Байзақ датқа» және Маңғыстау облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы көкпаршыларының мерейі үстем болды.

«Әулиета» — Алматы облысы – 16:1

«Байзақ датқа» — Солтүстік Қазақстан – 6:2

Маңғыстау облысы – Алматы қаласы – 9:0

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қызылорда облысы – 8:2

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.