ПРЕСС-АНОНС

Іс-шара: Көкпардан I Ашық Азия чемпионатының ақтық ойындары және жабылу салтанаты

Өтетін күні: 15 қыркүйек, 2013 жыл

Өтетін уақыты: 10.00

Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазанат» атшабары

Ұйымдастырушы: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігі

Чемпионаттың жабылу салтанатынан кейін сағат 13. 00-де баспасөз конференциясы өтеді. Оған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Б. Тілеухан, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігі төрағасының орынбасары Т. Есентаев, «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының өкілдері және жеңімпаз командалардың жетекшілері қатысады.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Көкпардан I Ашық Азия чемпионатына Азияның 8 мемлекеттері: Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысты. Көкпаршылар 4 күн бойы өзара бақ сынасып, финалға Тәжікстан – Қытай, Қазақстан — Қырғызстан құрама командалары шықты.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. 1-ші орынға 10 млн. теңге, 2-ші орынға 6 млн. теңге, 3-ші орынға 4 млн. теңге бөлініп отыр. Көкпардан I Ашық Азия чемпионатының демеушісі «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі

87172 42 15 10

8701 227 47 85

8702 457 71 20

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.