ЖАМБЫЛ ЖАСТАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Кеше Тараз қаласында көкпардан жастар арасындағы республикалық турнир аяқталды. Биылғы жылғы командалық көкпар ойынының алғашқы бәсекесінде Жамбыл облысының жастары жеңімпаз атанды.

               Атақты көкпаршы Әшімхан Кенжебеков атындағы көкпар спортынан жастар арасындағы елішілік турнир ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  күнтізбелік жоспарына енгізілген ресми жарыс. Республикамыздың әр өңірінен келген сегіз команда көкпаршыларының сәуірдің 3-і күні бәсекені бастап кеткенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Кеше, яғни, 8 сәуір күні турнир аяқталды.

Апта бойы Тараздың төрінде бақ сынаған сегіз команда арасынан үш команда ақтық сынға суырылып шықты. Сөйтіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтқан Жамбыл облысының жастары әйгілі көкпаршы Әшімхан Кенжебеков атындағы республикалық турнирдің жеңімпазы болды. Екінші орын Оңтүстік Қазақстан облысының командасына бұйырды. Үшінші орынға Маңғыстау облысының командасы табан тіреді.

 

1 орын — Жамбыл облысының «Әулиеата» жастар командасы

2 орын — Оңтүстік Қазақстан облысының жастар командасы

3 орын – Маңғыстау облысының жастар командасы

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.