Кубок Қазақстанда қалды

IMG_7467_renamed_1634IMG_7450_renamed_15798

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған Көкпардан I Ашық Азия чемпионатында қазақстандық көкпаршылар шебер ойын көрсетіп, 1-ші орынды  жеңіп алды. Қырғыздың көкпаршыларымен ақтық сынға шыққан Қазақстан құрамасы 4:2 есебімен қырғыздардан басым түсті.

4 күн бойы Азияның 8 елінен додағы түскен командалар ішінен ақтық сынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай құрама командалары суырылып шықты. Тәжікстан мен Қытай арасындағы ойын 3:0 есебін көрсетіп, Тәжікстан құрама командасы 3-ші орынды иеленді. Азия елдерінің ішіндегі көкпардан ең үздік елдер: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бәсеке өте тартысты өтті. Есепті қазақстандық көкпаршы Ермек Көбей ашып, Құлажан Тоғайбаев сынды көкпаршыларымыз есебімізді еселей түсті. Сөйтіп, Қазақстан-Қырғызстан арасындағы бәсеке 4:2 есебімен, Қазақстан құрама командасы жеңіске жетті.

IMG_7477_renamed_31602IMG_7467_renamed_1634

Фото: Ерлан ОМАРОВ

Фото: Ерлан ОМАРОВ

IMG_7467_renamed_1634

Астана қаласы, «Қазанат» атшабарында өткен Көкпардан I Ашық Азия чемпионатының жабылу салтанатына ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастының Президенті Қайрат Сатыбалдыұлы қатысып, Азия чемпионатының кубогын жеңімпаз командаға табыстады. «Нұр Отан» ХДП-ның партияаралық кеңесінің үйлестірушісі Қ. Тахуов «Ер қанаты» номинациясы бойынша қазақстандық тұлпар – Лазерге берілді. Ат иесі Нұрдәулет Момынов, шабандоз Құлажан Тоғайбаев. «Ең үздік салымшы» номинациясын қырғызстандық Койчыкеев Нұрмамбет иеленді.

Бұл ұлттық құндылығымызды дәріптейтін, ұлттық рухымызды көтеретін іс-шараны ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Ұлттық спорт түрлерінен мұндай халықаралық жарыстар өткізудің басты мақсаты – қазақтың бай рухани мұрасын жаңғырту және насихаттау.  Ұлттық құндылықтарымызды ЭКСПО-17 халықарылық көрмесі кезінде барша әлемге паш ету болып табылады. Аталмыш Азия чемпионаты «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының қолдауымен өткізіліп отыр.

 

 ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы

Шынар Шәкен

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*