АСЫҚ АТУДА АСТАНАЛЫҚТАР ОЗДЫ

 

Асық атудан спортынан Петропавл қаласында 19 сәуірде басталған Қазақстан республикасының чемпионатында Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Еліміздің жеті өңірінің командалары бақ сынаған бәсекеде топ жарған астаналық асық атушылар мен «бес асық» ойынының жеңімпаздары кеше Елордаға оралды.

        ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстері комитетiнің биыл төртінші мәрте ұйымдастырған асық ату жарысы сәуірдің 22 күні аяқталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы елішілік чемпионаттың жүлделерін Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Ақмола облысы, Қостанай облысы және Солтүстік Қазақстан облысының командалары сарапқа салды.

Асық ату мен бес асық ойындарында Астана қаласының аға жаттықтырушысы Ескендір Рахметовтің шәкірттері биыл екінші мәрте республикалық чемпионаттың көшін бастады. Астана  ерлер құрамасында Жұмақұлов Әділхан, Қайыпбеков Мырзамұрат, Молжігітов Нұрқанат, ал,  әйелдер құрама командасында Ходжаниязова Анаргүл,  Жарылқасын Саягүл, Серiкова Айжан екі топтан да қарсылас шақ келтірмеді.

Асық атудан алғашқы Қазақстан чемпионаты 2015 жылы Қостанай қаласында, 2016 жылы Орал қаласында, 2017 жылы Көкшетау қаласында ұйымдастырылған.

 

Асық атудан Қазақстан чемпионатының 2018 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

І орын – Астана қаласының  командасы.
ІІ орын – Қостанай облысының  командасы.

ІІІ орын – Оңтүстік Қазақстан облысының командасы

 

Әйелдер арасындағы «Бес асық» ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

І орын  – Астана қаласының командасы

ІІ орын – Солтүстік Қазақстан облысының командасы.

ІІІ орын – Қостанай облысының командасы.

 

Баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.