ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ІІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ

Теңге ілу спортының қысқаша тарихы

Ұзақ  жылдар бойы той-мерекелерде шағын көрсетілім ретінде ғана ойналып келген Теңге ілу еліміздің ұлтжанды азаматтарының күш салуымен Тәуелсіздік жылдары ұлттық спорт ойыны дәрежесіне көтеріле бастады. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атқарған жүйелі жұмыстар 2013 жылдан бастап ұлттық спорт жарыстарын  халықаралық деңгейде өткізуді бір ізге түсірді.

          2007 жылы Теңге ілудің арнайы Ережесі жазылып, ұлттық спорт түрлерінен өткізілген  Қазақстан   чемпионатында алғаш рет ересектер арасында Теңге ілу бәсекесі ұйымдастырылды.

2017 жылы Теңге ілуден Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында «Ұлы дала ойындарымен» бірге өткізілді. Теңге ілуден  XI рет өткен бұл чемпионаттың жеңімпазы болып Сапарбек Мағжан (Оңтүстік Қазақстан облысы) атанды. Ал, Бәшембаев Әліхан (Ақтөбе облысы) 2 орынды,  Зұлпыхар Бейбарыс (Алматы қаласы) 3 орынды иеленді.

Жастар  арасындағы Теңге ілу бәсекесінің тарихы да 2007 жылдан бастау алады.

2017 жылы Жастар арасындағы чемпионат Жамбыл облысында ұйымдастырылды. 11 рет өткен бұл чемпионатта  Әліхан Бәшембаев (Ақтөбе облысы) жеңімпаз атанды. Екінші орын Мағжан Сапарбекке (Оңтүстік Қазақстан облысы) үшінші орын Ерлан Дүйсенбайға (Маңғыстау облысы) бұйырды.

2012 жылы Теңге ілуден алғаш рет жасөспірімдер арасындағы чемпионат ұйымдастырылды.

2017 жылы Шымкентте 6 рет ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатына 1999-2001 жылы туған жасөспірімдер бақ сынады. ҚР жасөспірімдер чемпионатындағы Теңге ілу бәсекесінің нәтижесінде 1 орынды – Рахат Қамбаров (Оңтүстік Қазақстан облысы),  2 орынды – Заңғар Қойбағаров (Жамбыл облысы), 3 орынды   – Бақытжан Төрехан (Батыс Қазақстан облысы) жеңіп алды.

2015 жылы Елорда төрінде Теңге ілуден І Азия чемпионатының жалауы көтерілді. Азияның 8 мемлекетінің спортшылары бақ сынаған алғашқы Азия чемпионатында қазақтың қос саңлақ ұлы талассыз жеңімпаз атанды.  Оңтүстіктің оғланы  Ғалымжан Ізжанов бас жүлдені жеңіп алды. Ақтөбелік Әліхан Бәшімбаев Азияның күміс жүлдесін иеленді. Қола жүлде моңғолиялық қандасымыз Қуатхан Абдолға бұйырды.

Суретте: 2015 жылы өткен І Азия чемпионатының жеңімпаздары. Оңнан солға қарай; Азияның күміс жүлдесін иеленген   Әліхан Бәшімбаев, жеңімпаз Ғалымжан Ізжанов және қола жүлдегер атанған моңғолиялық спортшы Қуатхан Абдол.

Енді міне, Елорда төріндегі «Қазанат» атшабарында 1 маусым күні Теңге ілуден ІІ Азия чемпионатының жалауы көтерілмекші. Бұл бәсекеде 9 мемлекет спортшылары сынға түседі.  Қазақ Елі баптап қосқан үздік теңге ілушілер  мен чемпионатта бақ сынайтын шетелдік теңге ілу шеберлерінің аты-жөнімен таныс бола отырыңыздар.

Мағжан САПАРБЕК – 2001 жылы туған. Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы  Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елдімекені. Теңге ілу спортымен 2014 жылдан бастап шұғылданған. Республикалық жарыстарда көптеген жүлделі орындарды иеленді. 2016 жылы  қазан айында Ақтөбе қаласында өткен Жастар арасындағы ҚР чемпионатында – 1 орынды,  2017 жылы Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы ҚР чемпионатында 1 орынды жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР спорт шебері. ІІ Азия чемпионатына іріктеу жарысында үздік танылған спортшы.

          Ғалымжан ІЗЖАНОВ  – 1999 жылы туған. Туған жері – Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент қаласы. Теңге ілу спортымен 2010 жылдан бастап шұғылданған. Көптеген республикалық жарыстардың жеңімпазы атанды.  Теңге ілуден 2015 жылы Шымкент қаласында өткен Ә.Дауылбаев атындағы Республикалық турнирдің  жеңімпазы. 2016 жылы Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері. 2017 жылғы «Ақ бидай» VІ республикалық ауыл спорты ойындарының чемпионы. 2015 жылы Астана қаласында Теңге ілуден өткен І ашық Азия чемпионатының жеңімпазы.

ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ІІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 

THE LIST OF PARTICIPANTS OF II ASIAN TENGE ILU CHAMPIONSHIP 

 

Аты-жөні

ФИО

Full name

 

Лауазым

Должность

Position

Мемлекет

Страна

Country

1

 

Сапарбек Мағжан

Сапарбек Магжан

Saparbek Magzhan

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Қазақстан

Республикасы

Республика Казахстан

Republics of Kazakhstan

Ізжанов Ғалымжан

Изжанов Галымжан

Izzhanov Galymzhan

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Байбөриев Нүркен

Байбуриев Нуркен

Baiburiev Nurken

Аға бапкер

Старший тренер

Seniorcoach

2 Манахай Жеңісбек

Манахай Женисбек

Manakhai Zhenisbek

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Моңғол Халық Республикасы

Монгольская Народная Республика

People’s Republic of Mongolia

Нарау Жанболат

Narau Janbolat

Аға бапкер

Старший тренер

Seniorcoach

Ермекей Ғылымхан

Ермекей Гылымхан

Yermekei Gylymkhan

Бапкер

Тренер

Coach

3 Хатамов Дилшод

KhatamovDilzhod

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Өзбекстан

Республикасы

Республика Узбекистан

Republics of

Uzbekistan

Гафуров Бохромжон

GafurovBokhromjon

Бапкер

Тренер

Coach

4 Сикуатов Ринат Қайдарұлы

Сикуатов Ринат Кайдарович

Sikuatov Rinat Kairadovich

Спортшы

Спортсмен

Athlete

РФ Алтай

Республикасы

Алтайская Республика РФ

Republicof Altai RF

Оқашев Жандос

ОkashevZhandos

 

Бапкер

Тренер

Coach

5 Нажибуллах Пахлаван

NaqibullahPahlawan

Спортшы

Спортсмен

Athlete

 

Ауғанстан

Республикасы

Республика Афганистан

Republics of

Afghanistan

6 Минур уулу Амантур

Miniur uulu Amantur

Спортшы

Спортсмен

Athlete

 

Қырғызстан Республикасы

Кыргызская Республика

Republic of

Kyrgyzstan

Анарбаев Нұрғазы

Анарбаев Нургазы

Anarbaev Nurgazy

Бапкер

Тренер

Coach

7 Нұрболат Тәліпбай

Нурболат Талипбай

Nurbolat Talipbai

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Қытай Халық Республикасы

Китайская Народная Республика

People’s Republic of China

 

Үсенұлы Серік

Усенулы Серик

Ussenuly Serik

Бапкер

Тренер

Coach

8 Достиев Хожиакбар

DostievKhodzhiakbar

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Тәжікстан

Республикасы

Республика Таджикистан

Republics of

Tajikistan

Давлятов Асомиддин

DavlyatovAsomiddin

Бапкер

Тренер

Coach

9 Карджыоглу Угур

KarjyogluUgur

Спортшы

Спортсмен

Athlete

Түркия

Республикасы

Турецкая Республика

Republics of

Turkey

Карслы Зафер

КarslyZafer

Бапкер

Тренер

Coach

 Төлеген ЖӘКІТАЙ

 

  

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*