«Наурыз» тойындағы «Көкпар» жарысы

alga_32013 жылдың 21 сәуір күні ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының «Балқарағайда» демалыс орынында ұйымдастырған «Наурыз» мерекесінде «Көкпардан» «АСТАНА –САМҰРЫҚ» және «Астана –ЖАСТАР» командаларының кездесуі өтті. Жарыстың бас төрешісі Аманжол Хасенов, қапталдағы төрешілер Құрамев Қуан және Нұрдәулет Момынов болды. «Астана-Самұрық» командасының құрамында Амангелдинов Қазбек команда капитаны «Саршаян» атты тұлпарымен, Айтмағамбетов Бауыржан «Байқоңыр», Галинұров Данияр «Самұрық», Макулов Рустам «Көгершін», Ырысмағамбетов Қуаныш «Ақмаңдай» атты тұлпарымен, ал қарсыластыры жағынан Қабжанов Арслан команда капитаны «Тарлан», Амангелдинов Абылайхан «Керемет», Алимкулов Қайрат «Байқасқа», Қайтбеков Арман «Қарабалта», Маянов Данияр «Торытөбел» атымен сайысқа шықты. Ойын бір тайммен аяқталды. Берілген 20 минут уақыт ішінде команда капитаны Амангелдинов Қазыбек екі салым салды, қарымта салымды Амангелдинов Абылайхан салды. Жарыс 2-0 есебімен «Астана-Самұрық» командасының жеңісімен аяқталды. Бұдан кейін ежелгі ұлттық ойын «Жаппай көкпар» басталды. Бұл ойында жүлдені жеңіп алған ойыншылар: Нұрпейісов Марат, Александр Пупенко, және екі мәртеден Амангелдинов Қазбек пен Галинуров Данияр болды. Теңге ілу ойынын Макулов Рүстем, Әжібеков Дәулет көрсетті. Ал аударыспақтан екі жұп Амангелдинов Абылайхан мен Жақыпов Нағашыбай, және Жиеналин Мұхтар мен Макулов Руслан шықты. Бұл сайыста Абылайхан мен Мұхтар жеңіске жетті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*