Қазақстан көкпар құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстан көкпар құрамасы Азия чемпионы болды. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған сайыста Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан командалары бақ сынасты. Командалар төрт күн бойы чемпион атануға барын салып бақты.

Үшінші орынды Тәжікстан мен Қытай көкпаршылары сарапқа салды. Нәжижесінде Қытай көкпаршыларының тақымы талып, тәжіктерге есе жіберді. Есеп 3:0.

Ал финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғыз елінің құрамасы кездесті. Есеп 4:2. Біздің шабандоздар алғаш өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры — 20 миллион теңге. 1-ші орынға – 10, 2-орынға — 6 3- орынға — 4 миллион теңге.

Саясат Нұрбек, «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық-саясат институтының директоры:
Тұңғыш рет көкпардан халықаралық жарыс біздің елде ұйымдастырылды. Бұл үлкен абырой. «Нұр Отан» партиясы бұл шараны қолдайды.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.