«Ақ бидай» V Республикалық ауыл спорттық ойындары басталды

Шымкент қаласында «Ақ бидай» V Республикалық ауыл спорттық ойындарынан жарыс басталды. Қазанның 14-іне дейін жалғасатын додаға еліміздің әр өңірінен келген спортшылар 12 ойын түрі бойынша күш сынасатын болады.

Көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, бәйге, аламан бәйге, қол күрестіру, гір көтеру спорты, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол, шағын футбол ойын түрлерінен өтетін жарысқа еліміздің барлық облысынан ауыл, аудандардан іріктелген спортшылар қатысады.

         V Республикалық ауыл спорттық ойындарын ҚР дене спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырып отыр.

Бесінші рет ұйымдастырылып отырған ауыл спорттық ойындарын өткізудің мақсаты – ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, ауылдарда спорттық база жасақтау және спорттық іс-шаралардың қатарын арттыру, ұлттық ойын түрлерін дамыту және ауыл жастарының спортпен айналысуға шақыру.

Оңтүстік өңірде басталған жарыстың жеңімпаздары қаржылай жүлде қорына ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Республикалық ауыл спорттық ойындары 2000 жылы тұңғыш рет Астана қаласында өткізілсе, 2003 жылы Тараз қаласында, 2005 жыл Көкшетау қаласында, ІV ойындар 2009 жылы Петропавл қаласында өтті.

V Ойындардың салтанатты ашылуы 11 қазан күні cағат 18.00-де Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өтеді.

 

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Баспасөз қызметі  

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.