Ұлт спортына жанкүйер бол!

Қадірлі оқырман!

     Ұлттың ұлттығын айқындайтын дүниелер болады. Тілі, ділі, діні, дәстүрі мен мәдениетінің қатарында халықтың сипатын айқындап, болмысын танытатын тағы бір құндылығы ол – ұлттық спорты. Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік – Қазақстан өміріндегі бетбұрыс болды, ол халқымыздың рухани баюына кең мүмкіндік жасап, экономиканың алға басып, әр азаматтың әл-ауқатының өсуіне жол ашты» деген еді.

      Тәубе дейміз, тыныштық бесігінде тербеліп, азат елдер қатарында қарыштай қадам басып келеміз. Елімізде он бес жылға жуық тарихы бар Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жұмыс жасауы, ұлттық спорт пен ұлттық ойындар бойынша жиырмаға тарта Федерациялардың құрылуы – тәуелсіздігіміздің арқасы.

     «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай, халқымыздың кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту межесі айқын. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын ұстануы, бұқаралық спорттың дамуы бағытында ұлттық спорттың да өз орны бар. Бұл сөзімізге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «еліміздің елу мыңға жуық азаматы ұлттық спортпен айналысады» деген дерегі дәлел.

          Республикалық Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы 2013 жылдан бері ұлттық спорттан халықаралық деңгейдегі жарыстарды бірінен соң бірін ұйымдастырып, осы саладағы жанкүйер қатарының, жеңімпаздар қатарының қалыңдай түсуіне ұйытқы болды. Қазақ күресі «Еуразия барысы» шарасымен географиясын кеңейткен, дәстүрі қалыптасқан «Қазақстан барысы» жобасы түкпір-түкпірдегі жас өрендердің қазақ күресімен айналысуына серпін берді. Қазіргі кезде «Әлем Барысы»   жобасы төрткүл дүниенің назарын аудара бастады.

     2013 жылғы тамыз айында ұлттық спорт тарихында тұңғыш рет Астанада Көкпардан І ашық Азия чемпионаты өтіп, бұл жарыста 8 мемлекеттің командасы бақ сынады. Қазақстан көкпаршылары Азия чемпионы атанды. Халықаралық Көкпар федерациясының штаб-пәтері Бішкектен Астанаға ауысты. Сол жылдан бастап «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығы» құрылып, ауқымды жұмыстарды қолға ала бастады. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан осы халықаралық қауымдастықтың президенті болып сайланды. Бағамдай білсек, айналасы 3-4 жылдың ішінде әлденеше халықаралық жарыстардың туы көтеріліпті. Атап айтар болсақ; 

        2013 жылдың қараша айында  елімізде  тұңғыш рет Халықаралық І Бүркітшілер фестивалі ұйымдастырылып, оған Испания, Чехия, Венгрия, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Қазақстанның құсбегілері қатысты. Отандастарымыз жүлделі орын алды. Мақсатымыз – қазақтың бүркітшілік өнерін әлемге паш ету еді. Көзделген мақсаттың үдесінен шыға білгендейміз.   

       2014 жылы Аударыспақ спортынан І Ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылып, жарысқа Ауғанстан, Әзербайжан, Венгрия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия мен Моңғолия елдерінің таңдаулы аударыспақшы балуандары қатысты. Қазақстан командасы бас жүлдені жеңіп алды.

      2015 жылғы 30 тамыз күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен  ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Теңге ілуден І ашық Азия чемпионатын және Асау үйретуден І республикалық турнир ұйымдастырды

       2016 жылы Аударыспақ спортынан ІІ Ашық Азия чемпионаты Қытай Халық Республикасы, Іле-Қазақ автономиялық облысы, Өртекес ауданында ұйымдастырылып, онда да жарыстың бас жүлдесін қазақ балуандары жеңіп алды. Дүбірлі доданың бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

     «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көр­месі  халқымыздың ұлттық ерекшелігін,  дәстүрін, ұлттық спор­тын төрткүл дүниеге паш етуге ең қолайлы мүмкіндік болды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көр­месі аясында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен  Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының ұйытқы болуымен,  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен бірнеше ұлттық спорт жарыстары өткізілді. Әлденеше мемелекет жүйріктерінің қатысуымен бәйгенің бірнеше түрінен ат жарыстарының өтуі, Аударыспақтан, Жамбы атудан халықаралық турнирлердің, Көкпардан І Әлем чемпионатының  ұйымдастырылуы, бұл жарыстарға АҚШ, Венгрия, Түркия, Румыния, Польша, Финляндия, Малайзия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттері спортшыларының қатысуы ұлттық спортымыздың әлем елдерінің қызығушылығын тудыра бастағанына  айқын айғақ болса керек. 

     ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетімен бірлесе отырып Көкпар, Аударыспақ, Бүркітшілік, Жамбы ату, Теңге ілу, Бәйге  сияқты ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионатын Күнтізбелік жылдық жоспар арқылы өткізе бастағалы бінеше жылдың жүзі болды. Нақты айтар болсақ, 2017 жылға дейін Қазақстан чемпионаты Аударыспақтан ересектер арасында XVII рет, Көкпардан ересектер арасында XVII рет, жастар арасында  XIII рет, жасөспірімдер арасында VI рет, Жамбы атудан ІІІ мәрте, Теңге ілуден ХІ мәрте, Бәйге түрлерінен алғаш рет  өтті. Барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында жоғарыда айтылған ұлттық спорт түрлерінен жеке-жеке командалар құрылған. 

Алдағы жылдарда ұлттық спортымыз қазіргіден де кең қанат жаяды деген үміттеміз.

Ендеше, ұлтымызды ұлттық спортымыз арқылы таниық.

Ұлттық спортымызға жанкүйер болыңыздар!

Құрметпен,

Қайрат САТЫБАЛДЫҰЛЫ

«Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының» құрметті президенті

3 комментария

  1. Свежие и сырые базы форумов, блогов. Яндекс/Гугл — Ру/Бурж. Обновления.
    allsubmitter белые базы
    писать: gash.1975@bk.ru

  2. Свежие и сырые базы форумов, блогов. Яндекс/Гугл — Ру/Бурж. Обновления.
    базы allsubmitter 2015
    писать: gash.1975@bk.ru

  3. Сабитхан

    ОТКРЫТОЕ ОБРАЩЕНИЕ
    О развитии в укреплении братства и дружбы между тюркскими народами.

    Уважаемый, Қайрат Сатыбалдыұлы
    В рамках программы международной организации тюркской культуры «ТЮРКСОЙ» — объединяющая тюркоязычные страны, основной целью позиционирующая «сотрудничество между тюркскими народами для сохранения, развития и передачи будущим поколениям общих материаль-ных и культурных памятников тюркских народов».
    Предыстория обращения!
    Со времён зороастризма, главным тотемным животным тюрко язычных народов (тюрков) был синий волк. Многие тюркские племена ведут свое происхождение от волка, поэтому тюркоязычные народы казахи, киргизы, узбеки, афганские хазары и другие народы Средний Азий, чтобы отражать древних тотемистических представлений, связанных с культом волка или волков, придумали игру конный спорт – Көкпар (Кокпар)!
    КӨКПАР (Кокпар) — (узб. uloq или koʻpkari — «козлик», тадж. кӯпкорӣ — «борьба за козла», кирг. Кок-Бору (Көк-Бөрү — «Синий волк») (другое название — улак тартыш) — «перетягивание козлика») — древняя, известная со времён зороастризма, популярная конная игра среди казахов, киргизов, таджиков, узбеков и других народов Средней Азии.
    КӨКПАР — является выражением древнего представления народа о борьбе двух начал, – рассказывает писатель Кайрат ЖАНАБАЕВ. – Но, по сути, это отражение древних тотемистических представлений, связанных с культом волка или волков. Вспомните, как волки в природе разрывают тушу, один у другого ее вырывает (как и в кокпаре – игроки двух команд борются за тушу козленка, отнимая ее у соперника). Также это один из факторов воспитания: силы воли, ловкости, изворотливости воина. В условиях сложной борьбы и выживания кочевники должны были быть выносливыми. Поэтому в кокпаре участвовали юноши и все взрослые члены коллектива, кроме женщин.
    Сейчас очень много казахских видов борьбы и состязаний возрождаю-тся заново и имеют чисто игровую семантику, а раньше это было испытании-ем юношей на выносливость.
    По существу обращения!
    Министерству культуры и спорта РК и Министерству информации и коммуникаций РК, Международному организацию тюркской культуры «ТЮРКСОЙ», Федерация “Көкпар” РК, Телекомпания «QAZAQSTAN» и «Kazakh» ТВ, необходимо сделать (приготовить) документальный фильм для просмотра в общественных каналах и СМИ, на казахском языке, турецком языке, а также на английском языке с сурдопереводом для канала британской международной медиакорпораций — BBC (Би-Би-Си, она же British Broadcasting Corporation).
    В целях развития сотрудничество между тюркскими народами для сохранения, и передачи будущим поколениям общих материальных и культурных традиций и памятников тюркских народов

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.