Тарихы

Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы 2004 жылы қазан айының 29-ы күні құрылды. Қауымдастықтың алғашқы Президенті болып Қайрат Сатыбалдыұлы, бірінші вице-президент болып Сәдібек Түгел төрт жылға сайланды. Осы жиналыста Қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, Құрылтайшылардың келісім — шарты жасалды.

Қауымдастық құрудағы мақсат — қазақтың мінез-құлқымен  біте қайнасқан ұлттық спортты түгендеп, белгілі түрлерін одан әрі дамытып, тасада қалып бара жатқандарын қайта түлетіп, халқымен қайта қауыштыру. Сол арқылы ұлттық сананы ояту, ұлттық құндылыққа деген шалағайлықты жою.

Оған дейін 2004 жылдың 12-13 мамыры күндері еліміздің бірқатар ұлтжанды азаматтары бас қосып, Ұлттық спорт федерацияларын құрған болатын. Олар екі күнде жеті федерация құрып, өздері осы федерациялардың құрылтайшылары болды. Ал қазан айында бұл федерациялар Ұлттық спорт Қауымдастығының құрамына кірді.

Алғашқы Қауымдастықтың құрамына кірген Бірлестіктер:

— «Ұлттық ат спорты түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Сәдібек Түгел;

— «Тоғызқұмалақ» федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Жүнісбаев Несіп;

— «Тазы-Төбет-Алабай» федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Ақантай Бауыржан;

— «Бүркітші» федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Ахметов Қанат Ахметұлы;

— «Түйе жарыс» федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Бисенов Ғиззат;

— «Көкбөрі» Қазақстан көкбөрілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Қанафин Болатбек Өтегенұлы;

— «Жекпе-Жек» федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Президенті Махметов Сабыржан;

Жеті федерацияның басын біріктіріп отырған қауымдастықтың міндеті — ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, ел арасында ұлттық спорттан жарыстардың өтуіне мұрындық болу,  спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету, т.б.

Осындай игі істердің басы-қасында Қайрат Сатыбалдыұлы, Рақышев Кеңес, Бекболат Тілеухан, Сәдібек Түгел, Жүнісбаев Несіп Жүнісбайұлы, Ақантай Бауыржан, Ахметов Қанат Ахметұлы, Бисенов Ғиззат Махуұлы, Махметов Сабыржан Ғалымжанұлы, Қанағатов Елсияр Баймұқамбетұлы, Игаев Мақсұт Бейсенұлы сынды азаматтар бар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

WordPress спам заблокировано CleanTalk.