21 тамыз. Көкпар тарихындағы айтулы күн. Көкпардан Әлем чемпионатының басталған күні. Сонымен, І Әлем чемпионаты басталды. Келеді деген командалардың ішінен тек Әзербайжанның көкпаршылары ғана жарысқа қатыспады. Сөйтіп, Әлем чемпионатының бас жүлдесін сарапқа салу 11 мемлекет көкпаршылары арасында өтетін болды. ...
Читать далее »ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТАЛАБЫ
Бүгін ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен көкпардан І Әлем чемпионаты мандат комиссиясының отырысы өтті. Мандат комиссиясы отырысын басқарып, жүргізген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, Әлем чемпионатының бас төрешісі ...
Читать далее »ЕРТЕҢ КӨКПАРДАН І ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
Көкпардан тұңғыш өтетін Әлем чемпионатына қатысушы 11 мемлекет командасы Елорда төріне келіп жетті. Бұйыртса, ертең Әлем чемпионатының бәсекелері басталады. Ертең таңғы сағат 9:00-де «Қазанат» атшабарының алаңында көкпар ойынының тарихындағы алғашқы әлемдік бәсекені Қырғызстан мен ...
Читать далее »АУДАРЫСПАҚ БАСТАЛДЫ!!!
Бүгін аударыспақтан ашық халықаралық турнир басталды. 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақтардың бас жүлдесін қазақ балуандары жеңіп алып, қалың жанкүйер бөркін аспанға атып қуанып жатыр. Біржан, Сырым, Есімхан ел намысын қолдан бермей, қарсыластарын кілең айқын басымдылықпен ұтты. ...
Читать далее »КОВБОЙ-КӨКПАРШЫЛАР КЕЗДЕСТІ
Бүгін «Қазанат» атшабарында Қазақстандағы АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен көкпардан І Әлем чемпионатына қатысатын америкалық ковбой-көкпаршылар қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесті. Баспасөз конференциясында Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Джон Марк Поммершайм журналистерге көкпардан өтетін Әлем чемпионатына ...
Читать далее »ЕРТЕҢ АҚШ КӨКПАРШЫЛАРЫ КЕЗДЕСЕДІ
Ертең «Қазанат» атшабарында Қазақстандағы АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен І Әлем чемпионатына қатысуға келген АҚШ көкпар құрама командасын таныстыруға байланысты БАҚ өкілдерімен кездесу өтеді. Кеше Астанаға жеткен АҚШ көкпар құрама командасы Елорда іргесінде оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. ...
Читать далее »АҚШ-тың АУДАРЫСПАҚШЫЛАРЫ МЕН КӨКПАРШЫЛАРЫ АСТАНАДА
Бүгін Астанаға АҚШ-тың Аударыспақ пен Көкпар құрама командалары келді. 17-18 тамызда «Қазанат» атшабарында Аударыспақтан ашық халықаралық турнир ту көтереді. Қазіргі кезде осы байрақты бәсекеге 9 мемлекеттің команда әкелетіні анық болды. Бұған дейін Аударыспақтан екі мәрте ...
Читать далее »«АЛТЫН ЖЕБЕНІ» ЕЛБАСЫ ТАМАШАЛАДЫ
Бүгін ұлттық спорттың асығы алшысынан түскен күн болды. «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екінші күнгі бәсекесін Президент Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. Елбасымен бірге «Қазанат» атшабарына Дүниежүзілік этноспорттар конфедерациясының президенті Несметтин Білал Ердоған келіп, ұлттық садақ ату сайысының жеңімпаздарын марапаттау қатысты. ...
Читать далее »БАСТАЛДЫ!!!
Cонымен бүгін «Алтын жебе» халықаралық турнирі басталды. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысқан жарыстың салтанатты ашылуында ҚР Ұлттық ...
Читать далее »ЕРТЕҢ «АЛТЫН ЖЕБЕ» БАСТАЛАДЫ!
Бүгін «Алтын жебе» турниріне қатысатын Румыния, Финляндия, Польша, Түркия, Моңғолия мергендері Астанаға жетіп, барлық спортшылар ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған мандат комиссиясының отырысына қатысты. Суретте: Түркияның айтулы мергендерінің бірі Мұрат Бонжукқа жеребеде 9 ...
Читать далее »