Ұлттық спорт тұғыры – Мәңгілік Ел идеясы

Мамыр айының басында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Мәңгілік ел» идеялық тұғырын жүзеге асырудағы ұлттық спорттың рөлі» атты семинар-кеңес өтті.

Кеңеске Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылары мен осы салада қызмет атқарып жүрген мамандар қатысып, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарды қортындылап, алда атқарылатын істерді нақтылады.

Семинарды ашып сөз сөйлеген ҚР Ұлттық түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мырза: – Елбасының өткен жылғы Жолдауында айтылғандай Мәңгілік Ел идеясы – бірлік пен берекенің қайнар көзі. Ол «Қазақстан – 2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының зор құндылығы, -деді.

9zM39DE8UkM

Осы орайда, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халық Ассамблеясы және Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атау өтуде лайықты үлес қоспақ.

Атап айтқанда:Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Астана күнін жоғары деңгейде атап өту үшін маусым айының 26-нан шілде айының алғашқы аптасы аралығында Астана қаласында ұлттық спорт түрлерінен ойындар өткізу жоспарлануда. Бұл мерекелік бағдарлама бойынша: көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, бәйге т.б. ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілмек. Тіпті теңге ілу ойынын халықаралық дәрежеде өткізу қолға алынбақ.

Күзге қарай, яғни, қыркүйек айында Жамбыл облысының Тараз қаласында Б.Момышұлы атындағы атшабарда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен ашық республикалық турнир жалауын көтереді. Бұл мерекелік шара бағдарламасы бойынша: көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, т.б. бар. Осы турнир барысында 52 шақырымға аламан бәйге де өткізілмекші.

Ал, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығына арнап қыркүйек айының 2-9 күндері Қызылорда қаласында Ұлттық спорт түрлерінен ІІІ Фестиваль өткізіледі. Фестивальді өткізу төрт кезеңге жоспарлануда:

Бірінші кезең. Ауылдық округтардағы іріктеу жарыстары: 1-25 мамыр аралығында;

Екінші кезең. Аудандық іріктеу жарыстары: 1-25 маусым аралығында;

Үшінші кезең. Облыстық іріктеу жарыстары: шілде-тамыз айларында өтеді;

Төртінші кезең. Республикалық фестивальдің ақырғы жарыстары: 2-9 қыркүйекте Қызылорда қаласында өтеді.

Фестиваль бағдарламасына: көкпар, теңге ілу, аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, саятшылық, сәнді киіз үй, керемет сәйгүлік, т.б. номинациялары бар.

Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арнап Солтүстік Қазақстан облысында бәйге түрлерінен республикалық турниріөтеді.

Сонымен қатар жыл сайын дәстүрге айналған жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы ұлттық спорт түрлерінен өтіп жүрген жарыстар жалғасын табады.

Ұлттық спорт түрлері бойынша өтетін ірі жарыстар:

– Көкшетау қаласында Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығын атап өтуге арналған ат спорты түрлерінен республикалық турнир;

– Шілде айында Қарағанды облысында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубакіровтің жүлдесіне арналған көкпардан республикалық турнир;

– Тамыз айында Алматы қаласында Қазақстан Президенті Кубогіне арналған бәйге түрлерінен республикалық турнир;

-Қыркүйек айында Маңғыстау облысында Мұнайшылар күніне арналған бәйге түрлерінен республикалық турнир;

– Қыркүйек айында Алматы облысында Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған бәйге түрлерінен республикалық турнир;

-Қазан айында Қостанай қаласында бәйге түрлерінен маусымның жабылуына арналған республикалық турнир;

-Қараша айында Оңтүсік Қазақстан облысында қоғам қайраткері Асанбай Асқаровты еске алуға арналған көкпар, аударыспақ, жамбы атудан халықаралық турнир;

– Қараша айында Ақмола облысында «Саят» ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы К.Ахметовті еске алуға арналған республикалық турнир;

– Желтоқсан айында Ақмола облысында «Саят» ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы М.Батырханұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

*****

Жиынға қатысушылар жоғарыдағы жарыстарды өткізу – ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығыныңзор міндеті екеніне тоқталды. Сондай-ақ, аталған шараларды жүзеге асыруда Астана, Алматы қалаларымен облыстардағы ұлттық спорт мектептері мен клубтары да атсалысады. Осы орайда, жиынға қатысушы өңірлік өкілдердің де пікіріне кезек берейік:

Мәулітқазы Құлжатаев, Үржар аудандық ұлттық ат спорты мектебінің бас жаттықтырушысы:

– Жоғарыда өтетін іс-шараларға бір кісідей атсалысуымыз қажет.Біз өз тарапымызданЖамбы атудан республикалық чемпионатты шілде, тамыз

айларының біріндеҮржар ауданда өткізейік деп шештік. Осыған сіздер келіссеңіздер біз қолға алуға да»ынбыз.

Алдияр Нұрғазиев, Жамбы атудан ұлттық спорт мектебінің жаттықтырушысы:

– Өткен наурызда Жамбы атуданоблыстық жарыс өткіздік.Жарысқа қатысушылардың сұрағы,«садақты қайдан аламыз?», «оны қалай жасауға болады?», «оқ жонуды үйренсек» дейді. Жалпы садақ әр адамның бойы, қол күші, дене бітімі салмағы ескеріліп жасалады. Аласа адамға қысқа садақ, қарулы адамға адырнасы қатты садақ жасалады. Әр адам өз садағымен сайысқан дұрыс. Қазір садақ жасайтын адамдар аймақтардан шығып жатыр, Ақтауда Мұрат Ғабдусалимов, Алматыда Рафаель, Астанада Руслан деген жігіттер тамаша садақтар жасап ұсынуда. Қарағанды өңірінде Қайыржан дейтін азамат биыл қыста Жамбы атудан өзінің ұйымдастыруымен жарыс өткізді.Осындай ынталы адамдар жер-жерден шығып жатыр.

Рамазан Сәттібаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҰШҚД және СР бас жаттықтырушысы:

-Еліміздің ұлттық ойындары ұлттық спортқа айналды. Спорт мектептері ашылды, енді клубтар ашылуда. Жаттықтырушы мамандар да көбейіп келеді.ШҚО өз проблемаларын өздері оңтайлы шешіп отыр, жылда чемпионаттарын өткізіп отырады. ОҚО, ШҚО, Жамбыл облыстары ұлттық спортты дамытып жатыр.Ал, Солтүстік облыстарда жағдай керісінше. Биыл көптеген жарыстар күнтізбелік жоспарға енді. Осы жарыстарды жоғары деңгейде өткізуіміз керек.

*****

Жиын соңында қатысушылар мен баяндамашылар ұсынған ой-пікірлерді сараптай отырып, төмендегідей шешім қабылданды.

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеялық тұғырнамасын басшылыққа ала отырып, спорттық іс-шараларды, ұлттық ойындарды көпшіліктің қатысуымен жоғары деңгейде өткізуге көңіл бөлінсін!

2.Ұлттық мәдениетіміздің бір саласы болып табылатын ұлттық спортымыздың тарихын, этнографиясын зерттеп, насихаттап халыққа жеткізу және ұлттық ойындарымыз бен спортымыздың әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін көрсетуге баса назар аударылсын!

Алберт Мүрсәлімов,

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының үйлестірушісі

Scroll To Top