Таразда: «Қауырсын – құсбегілер» клубының 35 жылдығына арналған Бүркітшілер сайысы өтті

69

Құсбегі Жаппар Сатылғанов

Ақпан 18-21-ші жұлдызыда Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында «Алтын қыран жезқанат» атты кезекті құсбегілер сайысы өтті. Бұл жолғы шара осыдан 35 жыл бұрын құрылған  «Қауырсын  – құсбегілер» клубының даталы мерекесіне арналып отыр.

Аталмыш клубтың негізін қалаған және халқымыздың құсбегілік өнерін  дамыту  жолында тер төккен азамат Жапар Сатылғанов мырза. Жапар ағамыз өткен ғасырдың 80-ші жылдары Жамбыл облысының Мойынқұм-Шу аудандарында жоғарыдағы клубты құру арқылы жастарды саятшылыққа баулып, құсбегілік өнерді Болгария, Венгрия және АҚШ қатарлы шет мемлекеттерге де насихаттаған.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Флорида штатында өткен халықаралық көрмеде «Қауырсын — құсбегілер» клубының жұмыстары халықаралық деңгейде таныстырылып, 1983 жылы құсбегілік өнер жайлы «Тастүлек» телефильмін түсірген де Жаппар ағамыз. Кейін  мектеп оқушыларына арнап «Қауырсын – табиғат достар клубы» атты оқулықта жазды.

Жоғарыдағы сайысқа жер-жерден келген құсбелілер өнер көрсетсе, шараның ашылу барысында ҚР ҰСТҚ вице-президенті Ерлен Оспанов мырза арнайы келіп, қатысушыларды құттықтады. Сайыс қортындысы бойынша:

1-орын: Балажан Бағдәулет   (Жамбыл об)
2-орын: Сармат  Әбдікәрімұлы (Қызылорда об)
3-орын: Күнтуған Серікбек ( Астана қ)
3-орын: Сейсен Алмат  (Алматы об)

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*